"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Петров Леонид Яковлевич

Просмотров: 1312

 

     Петров Леонид Яковлевич Балқаштағы тау-кен комбинатының құрылысына Халық коммисариатының жолдамасымен 1936 жылы келді. Леонид Яковлевич өзінің 40 жылдық еңбек жолында техник, мастер, прораб болып істеп, үлкен құрылыс тресінің басшысы қызметіне дейін өсті. 1936 жылдан бастап су құбырларының құрылысын салу жұмыстарын басқарды. Балқаш қаласы мен Шығыс  Қоңырат кенішінен кейін, Нұра-Қарағанды су жүйелерін жасау құрылысына арнайы іссапармен барады.
     1950 жылы Прибалхашстрой тресінің тұрғын үй құрылысы басқармасының меңгерушісі болып тағайындалады. Жақсы басшы ретінде, өзі еңбек еткен ұжымның жұмысшыларының және қала тұрғындарының құрметіне бөленді. Л.Я.Петров 1965 жылдан бастап «Азаматтық құрылыс», «Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс ғимараттарының» құрылыс басқармаларының меңгерушісі болды.
Ол біраз жыл Балқаш құрылыс тресінің басшысы болып қызмет атқарып, өз қалауымен құрылыс басқармасына ауысты.Л.Петровтың  Балқаш қаласындағы ғимараттар мен мәдени-тұрмыстық ошақтарының сәулетті және әсем салынуына қосқан үлесі мол.
     Мысалы, әсем де зәулім «Металлургтер» Мәдениет сарайы, 17 орамдағы «А» және «Б» шағын аудандары Л.Петровтың басқаруымен салынған. Ол сонымен бірге, жақсы ұйымдастырушы, жұмыста қатаң талап қоя білетін іскер, басшы болды. Сондықтан, барлық жұмысшылар оның айтқан сөзін кек көрмей, оның қойған талабын міндетті түрде орындаған. Жанұясында да қамқор жар, жақсы әке болды.
     Леонид Яковлевичтің қажырлы адал еңбегі жете бағаланып, ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Леонид Яковлевич Петровтың құрылыс саласындағы көп жылғы адал еңбегі бағаланып,1974 жылы 27 наурыз күні оған «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш  қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш,2000. – 31-32 б.
2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007. – 71,113-114,132-133,199-200 б.
3. Мұстафин, С. Алғашқы құрылысшы.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика