"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Құрышев Қабдырахым

      Қабдырахым  Құрышев - Балқаш қаласының атақты құрылысшылары мен құрметті металлургтерінің ішінде ерекше орын алатын адам. Ол республикамыздың халық шаруашылы мен тау-кен өндірісін дамытуға өзінің қажырлы еңбегімен үлкен үлес қосты.
     Республикадағы және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысты, құрметті дипломдарға ие болды. Көрме алқасының Қаулысымен оның бронзадан жасалған бейнесі Мәскеу мен Алматыдағы халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінен орын алды. Мұны Қ. Құрышевтің ерен еңбегіне көрсетілген ерекше құрмет деп есептеуге болады.
Осы жайлы 1972 жылы қаңтар айының 9 күні «Социалистік Қазақстан» газетіне Қалиасқар Әбілдиннің «Бронза бейнелі адам» деген очерк-өлеңі жарияланды.
     Қабдырақым Құрышев Балқаш қаласындағы еңбек жолын 1934 жылы 17 жасында бастап, 40 жыл бойы бір жерде жұмыс істеді. Оның ішінде 36 жыл мыс комбинатының байыту фабрикасында еңбек етті. Арнаулы курс бітіріп, флотаторлық мамандықты жете меңгерді, көп жылдар бойы мыс және молибден кендерін өндіретін цехта аға флотатор болды. Оның жұмыс тәсілі мен көрсеткіштері үнемі жоғары нәтижені көрсетіп, ол өз тәжірибесін жастармен бөлісуге тырысты. Сондықтан Қ.Құрышев өзі істеген ұжымда құрметке бөленіп, олардың мақтанышына айналды. Ол сонымен бірге, көптеген орден мен марапат куәліктерінің иесі.
     Атап айтқанда, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендері мен бірнеше медальдар, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президимуның Құрмет грамотасы, Қазақ КСР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің I-ші дәрежелі дипломын иеленді. Міне, осындай жетістіктерінің арқасында оның бронзадан соғылған бейнесі Мәскеу мен Алматының Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесіне қойылды.
Осы еңбегі еленіп, 1974 жылы наурыз айының 27 күні еңбекшілер депутаттарының қалалық Кеңесінің шешімі бойынша Құрышев Қабдырахымға «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Алексеев, Г. Жұмысшы бастамасы – қайнар бұлақ. Алматы: Қазақстан,1972. – 19-20,40 б.
2. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары. Балқаш,2000. – 26-27 б.
3. Мол дүниелерге толы // Балқаш өңірі. – 2001. – 20 шілде.
4. Балқаш. Тарих беттері. Балқаш қаласының құрметті азаматы атағын беру туралы. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007. – 199-200 б.
5. Мұстафин, С. Бронза бейнелі адам.   


Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика