"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Волков Иван Тимофеевич

Просмотров: 1349

      

     Иван Тимофеевич Волков  Балқаш қаласына 1934 жылы  БОЖОЛК ОК  жолдамасымен жұмыс істеуге келеді.
   Балқаш қаласының 30-шы жылдардағы комсомолдарының есебінде, И. Волковтың  ұйымдастыруымен атқарылған  даңқты жұмыстар жетерлік.
     Ұлы Отан соғысы кезінде Иван Тимофеевич Волков мыс қорыту зауытының ең ауыр телімі болып табылатын, уақтап-үгіту және автокөліктер цехын басқарды. Соңынан 10 жыл бойы Балқаш мыс қорыту зауытының жөндеу – механикалық қызметіне басшылық жасайды.
   Иван Волков 1956 жылдан 1975 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша, Балқаш мыс қорыту зауытының директорының орынбасары, БКМК-ның директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Бірнеше рет Балқаш қалалық Кеңесінің депутаты  және Қазақстан Компартиясының  қалалық комитетінің мүшесі болып сайланды. БОЖОЛК-ның X-шы съезіне делегат болып қатысты. Ол еңбектегі ерліктері үшін бірнеше наградалармен: Октябрь революциясының ордендерімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.   
     Дегенмен, Иван Тимофеевич Волковтың өмірбаянынының беттерінде қара таңдақтар да бар. Себебі оның тағдырына Сталиндік репрессия да өз салқынын тигізген еді.
Иван Тимофеевич 1937 жылы Промакадемияға оқуға түсіп, сол жылдың   қазан айының аяғына қарай, қайтадан Балқашқа қайтып келеді. Ол қайтып келген соң, қалалық партия комтетінде оның жеке ісі қаралады.
     Партия комитеті оны өндірісте жұмыста қалуға үгіттеп, ол сол жылы Промстройдың бастығының м.а. болып тағайындалады. Бірақ, 1938 жылдың 22 маусымында ол тұтқындалады. Түрмеде 14 айын өткізеді. Соңынан ол ақталып, Балқаш қаласына қайта оралады.
   1977 жылы 20 сәуірде Иван Тимофеевич Волковқа қаланың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан жеке үлесі, сонымен бірге жоғары кәсіби шеберлігі мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

1. Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. / Қонаев Д. Алматы: Санат,1994 – 50 Б.
2. Дәстүрге берік ұжым // Балқаш өңірі. – 1998. – 15 шілде (5Б)
3. Мұстафин С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2000. – 52-54 Б.
4. Балқаш. Тарих беттері. – Қарағанды «Арқа және К» ЖШС,2007. – 17 Б.
5. Они строили город. Караганда: Полиграфия,2013. – с.78-79.
6. Жаңабекұлы, С. Жалынды жан // Сырлас.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика