"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Девятко Фаина Васильевна

     Девятко Фаина Васильевна 1928 жылы 28 қарашада Харьков облысы Житецкий хуторында дүниеге келді. 1934 жылдан бастап оның өмірі Балқаш қаласымен тығыз байланыста болды. Ол № 4 әйелдер орта мектебінде оқып, оның балалық шағы осы қалада өтеді. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітіріп, ол жас маман ретінде өз туған қаласына оралады.
     Фаина Васильевна бар өмірін қаланың білім беру жүйесінің дамуына арнағандықтан, оның еңбек кітапшасында мектепке жұмысқа орналасуы туралы бір ғана жазба бар. Ол өзінің мұғалімдік мамандығына шын берілген, педагогикалық еңбекті дамытушы, орыс тілі мен әдебиетін терең меңгерген маман болды. Сол еңбегінің арқасында ол өзінің бір топ  қалаға танымал ізбасарлары - педагогтарды дайындап шығарды.
Фаина Васильевна өзінің негізгі мұғалімдік жұмысын қоғамдық жұмыстармен ұштастыра білді. Ол көп жылдар бойы орыс тілі мен әдебиетінің қалалық секциясының жетекшісі, А.Гайдар атындағы қалалық балалар кітапханасының кітапхана кеңесінің төрайымы болды. Өмірінің соңына дейін № 4 орта мектеппен тығыз қарым-қатынаста болды.
     Ф.Девятко «Ерен еңбегі үшін», «Б.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен және Қазақ КСР халыққа білім беру Министрлігінің Құрмет грамотасымен, көптеген әр түрлі деңгейдегі алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталған.
     Девятко Фаина Васильевна 2014 жылы өмірден озды.

 


Дата редактирования: 13 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика