"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мошковская Валентина Петровна

Просмотров: 1237

     Мошковская Валентина Петровна 1937 жылы 13 наурыз күні Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ол 1960 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, өзінің еңбек жолын Балқаш қаласының халыққа білім беру бөлімінде бастайды. Валентина Петровна қатардағы мұғалімнен бастап, оқу меңгерушісі, мектеп директоры  лауазымына дейін көтеріліп, 47 жыл бойы педагогикалық еңбегін адал ақтап өтті.
     Валентина Петровнаның барлық еңбек, педагогикалық және шығармашылық қызметтері Балқаш қаласымен тығыз байланысты болып, ол осы жерде білікті басшы болып қалыптасты. В.Мошковская жаңа типтегі мектептердің ашылуына, мектептерді модернизациялауға, білім беру ұйымдарын техникалық және ақпараттық, эстетикалық жабдықтармен жабдықтауға, кішігірім скульптуралық композициялар мен ескерткіштерді мектеп алаңына орнатуға өз күшін салды. 
  Мошковская В.П. Балқаш қалалық Кеңесінің 6 шақырылымында депутат болып сайланып, Қазақстан Республикасының  мұғалімдерінің 4 съезіне делегат болып қатысты. Сонымен бірге, ЮНЕСКО-ның мерейтойлық сессиясына қатысқан педагог. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» Құрметті атағының иегері және А.Макаренко атындағы медальмен, бірнеше кәсіби марапаттармен марапатталған.
     Мошковская В.П. зейнеткерлік демалыста болса да қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты: 9 жыл қатарынан ардагерлердің облыстық Кеңесінде жастар арасындағы жұмыс туралы тұрақты комиссияның төрайымы, облыстық ақсақалдар Кеңесінің мүшесі және Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының мүшесі болды.
       Мошковская Валентина Петровна 2010 жылы өмірден озды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мергенбаев, Ш. Үздік ұстаздар бас қосты / Ш.Мергенбаев // Балқаш өңірі. – 1993. – 13 мамыр(№48). – 1б.
2. Баимбетов, С. Ұлттық дәстүрлер үлгісінде тәрбиелейік / С.Баимбетов // Балқаш өңірі. – 1993. – 20 қазан(№100). – 1-2 б.
3. Мошковская Валентина Петровна (қазанама) // Балқаш өңірі. – 2010. – 15 қыркүйек(№110). – 4 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика