Семина Анфиса Ивановна 1929 жылы туған. Ол 1951 жылы Симферополь педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын Қоңырат кентінің оқушыларын орыс тілі мен әдебиетке оқытудан бастайды. Анфиса Ивановна кейіннен жас жұмысшылардың №7 мектебіне директор болып тағайындалады және бірнеше жыл қатарынан қалалық халыққа білім беру бөлімін басқарды. А.Семина зейнеткерлікке шыққанға дейін №47 орта мектептің директоры болды. Ол басқарған мектеп 1979 жылы «Үлгілі мектеп» деген жоғары атаққа ие болды. Анфиса Ивановна көп жылдар бойы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, мұғалімдердің қалалық кәсіподақ ұйымын басқарды. Білікті ұйымдастырушы және білімді педагог ретінде ол көптеген жас балқаштықтардың үлкен өмір жолына дұрыс қанат қағуына мүмкіндік берді.
Семина Анфиса Ивановна «Қазақ КСР-ның халыққа білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталып, еңбек ардагері атағына ие болды.
Семина Анфиса Ивановна 2017 жылы дүние салды.