"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бредюк Иван Тихонович

Просмотров: 1226

    Иван Тихонович Бредюк  1918 жылы туған. Ол өзінің еңбек жолын 1936 жылы  комбинаттың коммуналдық шаруашылығының есепшотшылығы қызметінен бастады.
    1939 – 1946 жылдары Кеңестік Армия қатарында болды. И.Бредюк өзінің соғыстағы алғашқы тәжірибесін Волхов майданында алды. Содан кейін 265-ші атқыштар дивизиясының құрамында      Ленинград, Прибалтикалық Екінші және Үшінші, сонымен бірге Белорус майдандарындағы шайқастарға қатысты. Финляндияны, Польшаны неміс басқыншыларынан босатуға ат салысып,   оларды өз жері – Германияда талқандауға да қатысты. Өзінің соғыстағы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және «Ленинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Варшаваны босатқаны үшін», «Берлинді алуға қатысқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» және тағы да басқа медальдармен марапатталған. (барлығы 17 медаль).
    1946 жылы Армия қатарынан босаған соң, И.Бредюк қайтадан комбинатқа жұмысқа келеді. Ол әр түрлі қызметте: жұмысқа жалдау және жұмыстан босату бюросының меңгерушісі, техникалық бөлімнің апаттар жөніндегі инспекторы, кадрлар дайындау бөлімінің бастығы болып жұмыстар істеді.
    1955 жылы ол зауыт директорының әлеуметтік – тұрмыстық сұрақтар жөніндегі орынбасары лауазымына шақырылып, сонда қызмет жасай бастайды.
    1957 жылы Свердловск қаласының тау – кен институтындағы директорлардың орынбасарларын дайындайтын курсты бітіреді. 
И. Бредюк 30 жыл бойы қатарынан қалалық кеңестің депутаты болды, оның ішінде 28 жыл халық депутаттарының қалалық кеңесінің орындаушы комитетінің мүшесі болды. Халық депутаттары облыстық кеңесінің үш шақырылымының депутаты болып сайланды.
     1976 жылы Балқаш қаласының құрылысы және оны аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын табысты атқарғаны үшін, оған « КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығының лауреаты» медалы мен КСРО Министрлер Кеңесінің сыйлығы берілді.
     1998 жылы 19 қарашада И.Бредюкке қалалық мәслихаттың шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.   

Әдебиеттер тізімі

1. Малтабаров Е. Жаныңда жүр жақсы адам // Сырлас. – 1999. – 11 қараша. – (№45) – (2Б).
2. Мұстафин С. Халық оның қамқорлығын ұмытпайды // Сырлас. – 1999. – 11 қараша. – (№45) – (2Б).
3. Мұстафин С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. – Балқаш,2000. – 98-99 Б.
4. Балқаш. Тарих беттері. «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы Ереже». – Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007. – 199-200,202 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика