"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тлеулина Қамар Ғабдоллақызы

Просмотров: 1220

      Тлеулина  Қамар Ғабдоллақызы  1939 жылы Балқаш қаласындағы алғашқы мектеп қабырғасын қалаушы, педагог Тлеулин  Ғабдолланың отбасында дүниеге келген.
      Қамар  Ғабдоллақызы 1961 жылы Қыздар педагогикалық  институтын бітіріп, өзінің еңбек жолын  №25 орта мектепте мұғалім болып бастайды. Осы мектеп қабырғасында жүріп, қатардағы мұғалімнен басшылық қызметке дейін көтерілді. 1963-1973 жылдары директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Кейіннен осы мектепке директор болып тағайындалып, мектепті 15 жылдан астам басқарды. Осы жылдар ішінде Қоңырат кентінің кеніштік Кеңесінің депутаты болып та сайланды. Жалпы еңбек өтілі – 45 жылды құрайды.  
      Қ.Тлеулина көп жылғы адал еңбегі үшін  Қазақстан білім беру Министрлігінің, облыстық және қалалық білім беру бөлімдерінің көптеген Құрмет грамоталарымен, дипломдарымен марапатталып, «Қазақ КСР-ның халыққа білім беру үздігі» төсбелгісі және «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
       1990 жылы Қ.Тлеулинаға «Аға мұғалім» атағы берілді.
        Тлеулина Қамар Ғабдоллақызы  2016 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Әдепбаева, А. Ұлағатты ұстаз / А.Әдепбаева // Балқаш өңірі. – 2004. – 7 мамыр(№39-40). – 3 б.
2. Тілеулина Қамар Ғабдулқызы (қазанама). – 2016. – 7 желтоқсан(№135). – 7 б.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика