"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Антоновский Евлампий Иванович

  Антоновский  Евлампий Иванович  1903 жылы Вязников уезінің Владимирский губерниясында дүниеге келген. 1923 жылдан 1925 жылға дейін Ленинград қаласының Володарский атындағы қағаз фабрикасында жұмыс істейді. 1924- 1927 жылдарда Ленинградтың жолдар институтының  бөлімінде ашылған, жұмысшылар факультетінде оқып, оны 1927 жылы бітіреді.

     1927- 1931 жылдары  Ленинград тау-кен институтында оқып, оны 1931 жылы мамыр айында байытушы-инженер мамандығы бойынша бітіреді. 1931-1933 жылдары ЛТКИ аспирантурасының аспиранты. 1933-1943 жылдары Балқаш қаласындағы коңырат кендерін байыту тәжірибелік зертханасының жетекшісі және байыту фабрикасының бастығы, 1935 жылы жұмысшылар факультетін ұйымдастырып, үш жыл қатарынан оның директоры болды.

     1935 жылы Қоңырат кендерінен молибден алу тәсілі туралы ұсыныс жасап, молибден алу мәселесін шешу жолдарының авторы болды.

      Еңбектегі табыстары үшін Антоновский Е.И. ҚазақКСР ОК-нің Президиумының Қаулысымен «Қазақстанға 15 жыл»» белгісімен марапатталып, Қоңырат кендерінен  молибден алу тәсілін  әзірлеп, ашқаны үшін  оған  Сталиндік сыйақының лауреаты атағы берілді.

      Шығыс Қоңырат кенті мен Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатындағы фабриканың молибден өндіруде жеткен жетістіктері, сол бір қиын кезеңде мыс алыбының қалыптасуына өз үлестерін қосқан стахановшыл  жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлердің жұмыстарының нәтижесі деп айтуға болады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ақпарат айдынында: мақалалар мен очерктер. – Қарағанды: «Арко», 2007. – 51 б.

2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен матералдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р. - Қарағанды, 2007. - 117 б.


Дата редактирования: 18 Қаңтар 2020