"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сәрсембаев Жексембек

Просмотров: 1526

      Сәрсембаев Жексембек 1904 жылы Қотанбұлақ-Балқаш болысының,№2 ауылында қазіргі Ақтоғай ауданы Нарманбет ауылында дүниеге келген.
Ж.Сәрсембаев еңбек жолын Балқашқұрылыста ағаш шебері, Ескі алаңдағы тәжірибе фабрикасында жұмысшы болып бастап, соңынан байыту фабрикасының жүйелеушісі болып істей бастайды. Металлургиялық өндірістің Министрлігіне қарасты Свердловтағы шеберлер дайындайтын мектепті бітірген соң, ол байыту фабрикасына ауысым шебері болып орналасады.
    Ж.Сәрсембаев байыту фабрикасында істеген 20 жыл ішінде сол кезеңдегі басқа мамандармен, жұмысшылармен және технологтармен бірге  кенді өндіру жөніндегі жобалау қуатын екі рет  қарастырып, Балқаш кен металлургиялық комбинатының дамуына үлес қосып, оның іргетасын қалауға ат салысқан алғашқы құрылысшы. Республиканың түрлі-түсті металлургиялық өндірісінің барлық екпінділерімен бірге, Ж.Сәрсембаевтың суреті Қазақ КСР түрлі-түсті металлургия Министрлігінің Құрмет тақтасына ұсынылып, ол 1946 жылдан 1955 жылға дейін сол тақтада ілулі тұрды.
     Ж.Сәрсембаев Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесінің 10 шақырылымы бойы депутат болып сайланып, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медальымен марапатталған. Сәрсембаев Жексембек 1955 жылы өмірден озды.
     Балқаш қалалық мәслихатының 2006 жыл 26 сәуірдегі № 32/307 шешімімен қаладағы Совет көшесі, алғашқы құрылысшы Жексембек Сәрсембаевтың атындағы көше болып ауыстырылды. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Ақпарат айдынында (мақалалар  мен очерктер). – Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 26-27 б.
2. Балқаш. Тарих беттері / Құрас.: Жаксенова Н.Т., Исабекова А.Б., Сәкенова Р.Д. - Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС,2007. – 212 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика