"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Әбуғалиев Нәби

Просмотров: 1378

              Әбуғалиев  Нәби Әбуғалиұлы 1917 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. Нәби Әбуғалиев қаланың алғашқы құрылысшыларының бірі.  Алғашқы құрылысшы 1931 жылы Балқаш қаласына келіп, балқаштықтар «Чечен-гора» деп атайтын,  «Қызыл шоқыға» жұмысқа орналасқан. 1934 жылы Нәби Әбуғалиевты комсомол және жұмыс екпіндісі ретінде, Алматы қаласындағы құрылыс өндірісіне  үнемдеп-жоспарлау бойынша қызметкерлер дайындайтын мектепке оқуға жібереді, екі жылдан соң техникалық үнемдеп-жоспарлау жөніндегі қызметкерлерді дайындау мектебін бітіріп, Қазақстанның аймақтық комсомол комитетінің жолдамасы бойынша, Балқаш өңірінің құрылысына қайта жіберіліп, онда Балқаш мыс балқыту зауыты құрылысының ең маңызды учаскелерінің бірінде, қалыптаушы болып, одан кейін күрделі жөндеу құрылыс басқармасының техникалық үнемдеу жөніндегі тобының жетекшісі болып еңбек жасайды.

          Осы соғыс алдындағы қысыл-таяң кезде, Н.Әбуғалиев жаңадан өсіп, өркендеп келе жатқан Балқаш қаласының жас құрылысшылары арасында, стахановшылар қозғалысын ұйымдастыру үшін көптеген жұмыстар жасайды. Ол құрылыс бригадаларының жоғары, екпінді деңгейде жұмыс істеулерін қамтамасыз етушілердің бірі болып, жұмысшы кадрларды орналастырып, өндірістің дұрыс жағдайда жұмыс істеуін ұйымдастыра білді.

          1941 жылы Нәби Әбуғалиев  Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Н.Әбуғалиев жаяу әскерлерді дайындайтын училищеге түсіп, оны үздік бітіріп, соңынан бөлімшенің командирі болып тағайындалады. Жапониямен болған соғысқа да қатысады. «Жапонияны жеңгені үшін»  медалімен  және Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталады.

          1944 жылдың мамыр айында Коммунистік партия қатарына қабылданады.

          1947 жылы әскери қызметтен оралған  Нәби  Әбуғалиев Қазақстан Коммунистік партиясының Балқаш қалалық комитетінің аппаратында нұсқаушы, одан кейін Қоңырат кенішінде партком хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

          1951-1952 жылдары «Прибалхашстрой» тресінің партком хатшысы болып қызмет атқарды.

          1952-1954 жылдары Нәби Әбуғалиев трестің коммуналдық конторының бастығы, одан соң «Прибалхашстрой» тресінің басқарма басшысының орынбасары болып қызмет жасады.

          1955 жылдан бастап 1990 жылға дейін зейнеткерлікке шыққанша, 35 жыл бойы трестің еңбек ақы және еңбекті мөлшерлеу бөлімін басқарды.

          Нәби Әбуғалиев өзінің еңбек жолын, қаланың қоғамдық жұмыстарымен   ұштастыра білген, білгір азамат. 30 жыл қатарынан трест басқармасының партиялық жұмыстарды ұйымдастыру бюросының хатшысы болып сайланды сонымен қатар Балқаш  ҚПК ҚК-нің мүшесі және қалалық кеңестің екі мәрте депутаты болып сайланды.

          Көп жылғы  ерен еңбегі үшін Нәби Әбуғалиев «Үздік еңбегі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 толуына орай ерен еңбегі үшін»  және төрт мерейтойлық соғыс медальдарымен, сонымен бірге «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Сонымен бірге, ол бірнеше рет ҚазССР Жоғары Кеңесінің, облыстық кәсіподақ Кеңесінің және басқада ұйымдардың  Құрмет грамоталарымен марапатталған.  

         Қаланың құрылысы мен дамуына қосқан зор үлесі мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Балқаш қалалық мәслихатының 1998 жылғы 19 қарашадағы шешімімен Нәби Әбуғалиевке «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

          Әбуғалиев  Нәби Әбуғалиұлы 2006 жылдың 23 қарашада дүниеден озды.  

     

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. - Балқаш, 2000. – 106-107 б.
2. Құрыштан құйған құдірет, Қарттарым, аман-саумысың! // Балқаш өңірі. -  2001. – 10 тамыз(№63).
3. Аралбайұлы, Т. Таулар алыстаған сайын биіктей береді // Балқаш өңірі. -  2010. – 12 қараша.
4. Кенежанов, Қ. Қала құрылысшыларының ауыл шаруашылығына көмегі // Балқаш өңірі.–2011.–1 сәуір(№37-38).
5. Они строили этот город - Караганда: ТОО САНАТ-Полиграфия, 2013. – С.148-149.
6. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы - Қарағанды: ЖШС «Арка және К», 2007. - 199-200,202 б.
7. Базар, Ә. Құрылысшыға құрмет / Ә.Базар // Балқаш өңірі. – 2022. – 23 қыркүйек (№70). – 5 б.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика