Бельчиков Виктор Васильевич 1959 жылы 23 тамызда дүниеге келген. Әскери қызметін өтегеннен кейін, 80-жылдардың басында «Прибалхашстрой» тресінің үй құрылысы комбинатына жұмысқа орналасты. Виктор Васильевич 1987 жылдың шілде айында Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою үшін запастан әскери қызметке шақырылып, радионуклеидтермен ластанған қоқыстарды тазартумен айналысты. Жұмыс ауысымы бар-болғаны бірнеше минутқа ғана созылып, содан кейін мұқият залалсыздандырылғаннан соң әскери қалашыққа оралатын. Оның ерлік ауысымы 1987 жылдың қазан айында аяқталды.
Бүгінгі күні Виктор Васильевич «Балқаш Су» КМӨ-де экскаватор машинисті болып жұмыс істейді. Ол «Қазақстан Республикасы Чернобыль және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы» ҚБ мүшесі, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне үлес қосуда.