"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мусин Саятбек Кәрімұлы

Просмотров: 1197

     Мусин Саятбек Кәрімұлы 1966 жылы 25 қаңтарда Балқаш қаласында дүниеге келген. Өзінің еңбек жолын 1983 жылы жұмысшы болып бастады. Әскери  қызметін 1984-1986 жылдары Львов қаласындағы 3238 ә/б өтеді. Солдат бола жүріп, 1986 жылы Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқан. Саятбек Кәрімұлы қызметті аяқтағаннан кейін Қарағанды политехникалық институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша  бітірген. 1991 жылы оқуын аяқтап, Балқаш темір бетонды құрастыратын зауытта шебер болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап «Прибалхашстрой» трестінің үй құрылысы комбинатының аға прорабы, бөлімшенің басшысы қызметін атқарды. 2003 жылы мемлекеттік қызметке кетіп, Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының бас маманы, Балқаш қаласының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы қызметтерін атқарды. Саятбек Кәрімұлы 2008 – 2013 жылдары  Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, 2013 жылдан бастап Балқаш қаласының құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарады.
     Мусин Саятбек қала экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу кезіндегі белсенді қызметі, көп жылғы және адал жұмысы үшін бірнеше рет қала әкімінің Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасымен марапатталды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарының иегері.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика