"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Штро Григорий Яковлевич

Просмотров: 1083

     Штро Григорий Яковлевич 1954 жылы 12 сәуірде Балқаш қаласының Қоңырат кентінде (қазір Қоңырат ықшам ауданы) дүниеге келген. 1961-1969 жылдары №3 орта мектепте оқыды. 1969 жылы ҚКТУ-ға түсіп, оны 1971 жылы тау-кен жабдықтарын жөндеу бойынша дипломды электрослесарь болып аяқтады. Григорий Яковлевич 1972 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып,  әскери борышын Жамбыл облысының Гвардейский қтк өтеді. Әскерден кейін Қоңырат кенішінде «Белаз»  ауыр машинасының жүргізушісі болып еңбек етті. 1987 жылы  ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысу үшін Украинаға жіберілді, онда жүргізуші болып жұмыс істеді. Содан кейін Григорий Яковлевич туған қаласына оралып, Қоңырат кенішінде жүргізуші еңбегін жалғастырды. Онда 2017 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін жұмыс істеген.
      Г.Я.Штро «Жауынгерлерге – жоюшыларға даңқ» естелік медалімен, «Еңбек жолындағы тиімділігі үшін» (2013 жыл) медалімен марапатталды.

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика