"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Башаров Айтмұхамбет Дандыбайұлы

Просмотров: 7

     Башаров Айтмұхамбет Дандыбайұлы 1961 жылы 12 наурызда Балқаш қаласының  Қоңырат ықшам ауданында  дүниеге келген. 1968 жылдан 1978 жылға дейін №25 Ы.Алтынсарин атындағы  қазақ орта мектебінде оқыды. Мектеп бітіргеннен кейін №4 ОКТУ-де газэлектрдәнекерлеуші мамандығын меңгеріп, кейін №36 ОКТУ-ды бітірді. Айтмұхамбет Дандыбайұлы 1982 жылдан бастап «Казцветремонт», ТЖК еңбек етті. 1987 жылы ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысып, онда ЮТЭМ блогында газэлектрдәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Келгеннен кейін бұрынғы жұмыс орнына орналасты. 2013-2014 жылдары Өскемен қаласындағы «Профессионал плюс» оқу орталығында механик-машинист мамандығын  меңгерді. Қазіргі уақытта «Транко Балхаш» ЖШС-де еңбек етеді. Айтмұхамбет Дандыбайұлы үш баланың әкесі, 6 немересін тәрбиелеуге көмектеседі.
     2018 жылы «Ел тарихы адамдар тағдырында» (Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы) кітабының беттерінде А.Башаров жайлы  немересі жазған әңгімесі жарияланды.
     А.Башаров – «Чернобыль ардагері – 1986 ж.» (2014 ж.), «Қазақстандық Чернобыль Ардагерлері» (2014 ж.), «Жауынгерлерге-жоюшыларға даңқ» (2016 ж.), «ЧАЭС-қа 30 жыл» (2017 ж.), «Отанға қызмет еткені үшін және ерекше еңбегі үшін» (2013 ж.), «Қызыл жұлдыз» (2018 ж.), «Батылдық үшін» (2019 ж.) төсбелгілерінің иегері.

 

 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика