Башаров Айтмұхамбет Дандыбайұлы 1961 жылы 12 наурызда Балқаш қаласының Қоңырат ықшам ауданында дүниеге келген. 1968 жылдан 1978 жылға дейін №25 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінде оқыды. Мектеп бітіргеннен кейін №4 ОКТУ-де газэлектрдәнекерлеуші мамандығын меңгеріп, кейін №36 ОКТУ-ды бітірді. Айтмұхамбет Дандыбайұлы 1982 жылдан бастап «Казцветремонт», ТЖК еңбек етті. 1987 жылы ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысып, онда ЮТЭМ блогында газэлектрдәнекерлеуші болып жұмыс істеді. Келгеннен кейін бұрынғы жұмыс орнына орналасты. 2013-2014 жылдары Өскемен қаласындағы «Профессионал плюс» оқу орталығында механик-машинист мамандығын меңгерді. Қазіргі уақытта «Транко Балхаш» ЖШС-де еңбек етеді. Айтмұхамбет Дандыбайұлы үш баланың әкесі, 6 немересін тәрбиелеуге көмектеседі.
2018 жылы «Ел тарихы адамдар тағдырында» (Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы) кітабының беттерінде А.Башаров жайлы немересі жазған әңгімесі жарияланды.
А.Башаров – «Чернобыль ардагері – 1986 ж.» (2014 ж.), «Қазақстандық Чернобыль Ардагерлері» (2014 ж.), «Жауынгерлерге-жоюшыларға даңқ» (2016 ж.), «ЧАЭС-қа 30 жыл» (2017 ж.), «Отанға қызмет еткені үшін және ерекше еңбегі үшін» (2013 ж.), «Қызыл жұлдыз» (2018 ж.), «Батылдық үшін» (2019 ж.) төсбелгілерінің иегері.