"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Самонов Александр Григорьевич

Просмотров: 1160

     Самонов Александр Григорьевич 1931 жылы Ақмола облысы Макинск ауданының  Иванковка селосында дүниеге келген. 

     1951 жылдан Балқаш мыс балқыту зауытының байыту фабрикасында жүйелеуші болып еңбек етті. Содан кейін А.Г.Самонов өз тәжірибесін балқыту пешінің от жалынымен жұмыс істейтін жандардың жанында жүріп жинап, шеберлігін арттырды. Ол 1969 жылдан бастап зауыттың металлургиялық цехында аға балқытушы болып жұмыс істеді. 1960 жылы комбинатта алғашқылардың бірі болып, А.Г.Самоновтың бригадасы коммунистік еңбек ұжымы атағына ие болды.
      1966 жылы 20 мамыр күні түрлі-түсті металлургиядағы көп жылғы адал еңбегі үшін Александр Григорьевич Самоновқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 
     Самонов Александр Григорьевич  1996 жылы дүниеден озды.
 
Әдебиеттер тізімі:

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика