"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Победоносцев Юрий Кенсоринович

   Победоносцев Юрий Кенсоринович  1907 жылы 10 тамыз күні  Тобыл губерниясының (қазір Свердловск облысы) Туринск қаласында дүниеге келген. 1928 жылы Уфа орман техникумын, содан кейін Орджоникидзе қаласындағы түрлі-түсті металлургия институтын бітіреді. 
     Юрий Кенсориновичтің еңбек жолы, өмірінің соңғы күндеріне дейін Балқаш қаласымен тығыз байланысты болды. 1940 жылы институтты үздік дипломмен, инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген кезінде, оны Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатына жолдамамен жібереді. Юрий Кенсоринович 1940 жылдан бастап ауысым шебері, шарпу телімінің басшысы, Балқаш мыс балқыту зауытының  металлургиялық цехының техникалық жетекшісі қызметтерін атқарды. 1944 жылы мыс балқыту цехының бастығы, 1952 жылы Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері, 1958 жылдан бастап Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының бас инженері лауазымында істеп, осы  қызметті зейнеткерлікке шыққанша 1973 жылдың 2 шілдесіне дейін атқарды.
     Қалдық газдардан ренийлік өнімдерді алу технологиясын енгізгені үшін Ю.К.Победоносцевке 1948 жылы бірінші рет  және 1969 жылы  мысты байыту кезінде оттегін пайдалана өндіру технологиясын пайдалануға бергені үшін екінші рет КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 
       1966 жылы Юрий Кенсоринович Победоносцевке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 
     1995 жылы Балқаш қаласы әкімінің шешімімен «Балқашмыс» АҚ-ның ғылыми - техникалық кітапханасына Юрий Кенсоринович Победоносцевтің  аты берілді.  Юрий Кенсоринович бірнеше рет Балқаш қалалық  және Қарағанды облыстық Кеңесінің халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол  Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.
      Победоносцев Юрий Кенсоринович 1987 жылы өмірден озды.
 
Әдебиеттер  тізімі:
 

Дата редактирования: 24 Қараша 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика