"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Матюшин Петр Петрович

Просмотров: 8

     Матюшин Петр Петрович 1914 жылы өмірге келген. Свердловск тау-кен институтын бітірген. 1949 жылдан бастап Балқаш кен-металлургия комбинатының ТББ-нің бастығы, үлкен байыту фабрикасының директоры, Балқаш мыс қорыту зауытының техникалық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
   Петр Петрович  1962 жылдан 1971 жылға дейін Балқаш кен-металлургиялық комбинатының директоры лауазымында еңбек етті.  П.П.Матюшиннің  білікті ұйымдастырушылығының арқасында, Балқаш кен металлургиялық комбинатының ұжымы мыс өндірудің мемлекеттік жоспарын асыра орындап, алдыңғы қатарлы технология мен жаңа жұмыс әдістерін өндіріске енгізді.
     1969  жылы мыс балқытуды көбейтуде оттегі мен шикізат кешенін пайдалана отырып, конвертор газынан күкірт қышқылы мен рений өнімдерін алуда технологиялық үрдістерді енгізгені үшін  Петр Петрович Матюшин КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 
      1971 жылы Петр Петрович Матюшинге металлургия өндірісін дамытуға қосқан ерен еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
      Матюшин Петр Петрович  1985 жылы өмірден озды. 
 
Әдебиеттер тізімі:
 

Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика