"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Касаева Марфа Филипповна

      Касаева Марфа Филипповна 1916  жылы Киров облысы, Бисеровский ауданының  Георгиевка селосында дүниеге келген. 
     Марфа Филлипповна 1939  жылдан бастап  «Прибалхашстрой» тресіне жұмысқа келеді.  Алғашқы кезде тас қалаушылардың  бригадасында көмекші болып істей бастайды да, сылақшыларды дайындау курсы басталған кезде, ол сылақшының оқушысы болып ауысады.  Осы үш жыл ішінде ол сылақшы жұмысының барлық қыр-сырына қанығып үйренеді.  Мария Филлипповна өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен атқара біліп, барлық сана сезімін осы жұмысына арнаған ержүрек жандардың бірі болды, сонымен бірге осындай әдетке басқа жандарды да үйретті. 
    Марфа Филлипповна «Прибалхашстрой» тресінің №2 құрылыс басқармасында  1939 жылдан бастап, зейнеткерлікке шыққанша аянбай еңбек етті. Қаланың әлеуметтік саладағы нысандарын және тұрғын үй кешендерін салысуға тер төкті. Ол өзінің еңбек көрсеткіштерін 32 пайызға дейін орындап отырды. М.Ф.Касаеваның жұмысы өзінің сапалығы және жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленетін. 
       Өзінің адал еңбегі мен өзінің кәсіби мамандығын жоғары біліктілікпен меңгергені үшін ол Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды және  Үкіметтің шешімімен  1964 жылы 11 тамыз күні Касаева  Марфа Филипповнаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен бірге,  Марфа Филлипповна  «Құрмет Белгісі «орденімен марапатталған және Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы атағын алған марапат иесі.
        Касаева Марфа Филлипповна 1989 жылы өмірден озды.
 
Әдебиеттер тізімі:
 
 

Дата редактирования: 02 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика