"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Иванова Елизавета Федоровна

     Иванова Елизавета Федоровна  1923 жылы Қорған облысында дүниеге келген. Ол өзінің еңбек жолын 1940 жылы Балқаш кен металлургиялық комбинатының кен уақтау цехында мосылы көтергіштің  машинисі болып бастады.  Содан кейін машинист көмекшісі, ауысымның электригі жұмыстарын да істейді. Ол 1948 жылы  ірі кесекті кен түсетін уатқыш құралдарды  тазалайтын және құрал-жабдықтарды жөндеу үшін қызмет ететін телімдегі,  жүз тонналық электрлі көтергіштің машинисі болып ауысады. 
     Елизавета Федоровна  соғыс жылдарындағы жанкешті еңбегі үшін  «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. Ол соғыстан кейінгі жылдарда да өзінің қажырлығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында жоғары еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізді.
     1960 жылы 7 наурыз күні  көтергіштің машинисі Иванова  Елизавета Федоровнаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 
     Иванова Елизавета Федоровна 1975 жылы дүниеден озды. 
 
Әдебиеттер тізімі:
 

Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика