"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Бейісов Жылқыбай Бейісұлы

    Бейісов Жылқыбай Бейісұлы 1925 жылы 7 қараша күні Павлодар облысы, Куйбышев ауданының №13 ауылында дүниеге келген. Оның 55 жылы  комбинат өмірімен тығыз байланысты болды. 1941 жылы Қарағанды облысының Қарсақбай кенішінде фабрикалық-зауыт жұмысшыларын дайындайтын  мектебіне оқуға түседі. Еңбек жолын 1942 жылдың тамызынан мыс балқыту зауытында топтастырушының көмекшісі ретінде бастады. 
     Соғыс жылдарынан кейін де Ж.Бейісов қолының жұмыстан  босамайтындығына да қарамастан, өзінің жалпы орта білім деңгейі мен кәсіби шеберлігін көтере білді. Кешкі мектепте оқып, толық емес негізгі орта білім алып, соңынан Балқаш кен-металлургиялық техникумының кешкі бөлімінде оқып бітіреді.
     1960 жылы Ж.Бейісов Москва қаласында өткен коммунистік еңбек екпінділерінің бүкілодақтық слетіне қатысып, осы слетте Ж.Бейісовке Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
    Ол өмір бойы қоғамдық жұмыстармен айналысты. Свердловск қаласында өткен өндіріс үздіктерінің Бүкілодақтық слетіне, Варшавада өткен бүкілхалықтық  жұмысшы жастар конференциясына, Гаваньда өткен  жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдарына қатысты. Бірнеше рет партия мен кәсіподақ комитеттерінің конференцияларына делегат болып сайланды. 
    Жетпісінші жылдардың басынан бастап, БКМК-да тәлімгерлер Кеңесі жұмыс істеді, оның да төрағасы  Жылқыбай Бейісұлы Бейісов болды. Бұл ұйым комбинатта кадрлар дайындаудың ұстаханасы болды десе де болады. Осы қозғалысқа қосқан үлесі үшін, Қаз.ССР-ның Президиумының Бұйрығымен Ж.Бейісовке «Қазақ ССР-на еңбек сіңірген жастар тәлімгері» деген атақ берілді.
     Ж.Бейісов Ленин, Халықтар достығы ордендерімен және көптеген медальдармен, сонымен бірге Қазақстан кәсіподақтары ОК-нің, металлургиялық өндіріс кәсіподақтары ОК-нің, облыстық кәсіподақ  және БЛКЖО ОК-нің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
     Зейнеткерлікке шыққан соң, Ж.Бейісов тәлімгерлердің жалпы комбинаттық Кеңесін басқаруға шақыру алып, көп жылдар бойы жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеуге өз үлесін қосты.
     1993 жылы 13 желтоқсанда Жылқыбай Бейісұлы Бейісовке Балқаш қалалық әкімдігінің шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
     Бейісов Жылқыбай Бейісұлы 2017 жылы өмірден озды.
 
  Әдебиеттер тізімі:

Дата редактирования: 12 Тамыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика