"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Герман Федор Ефремович

     Герман Федор Ефремович 1912 жылы  туған. Ол өзінің еңбек жолын 1938 жылы Қоңырат кенішінде экскаватор машинисі болып бастаған.

     Федор Ефремович думкарға кенді жылдам тиеу бойынша маңызды технологияны өндіріске енгізді. Сонымен бірге,социалистік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тау-кен өнеркәсібінің жұмысшыларының арасындағы стахановшылар қозғалысының белсенді қатысушысы болды.

     Ол өз өмірінің 30 жылдан астамын өзінің сүйікті мамандығына арнады.   Сондықтан болар, Федор Ефремовичтің көп жылғы өндірістік тәжірибесі жеті операциядан тұратын күнделікті, қарапайым жұмыс циклін төртеуге жеткізуіне мүмкіндік берді.

     Федор Ефремович Герман өзінің қажырлы еңбегі үшін Ленин және Қызыл Ту ордендерімен марапатталып, Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды (1955 ж.).

     Сегізінші бесжылдықтың нәтижесі бойынша,1971 жылы Федор Ефремович Германға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

      Герман Федор Ефремович 1975 жылы 9 маусым күні өмірден озды.

 

Әдебиеттер  тізімі:


Дата редактирования: 25 Қаңтар 2020