Стасив Игорь Васильевич 1951 жылы 18 ақпанда Украинаның Львов облысы, Пустомытов ауданы, Щирец кентінде дүниеге келген. Ол 1968 жылы орта мектепті бітіріп, Львов мемлекеттік университетінің геология факультетіне "Геологиялық суретке түсіру және пайдалы қазба кен орындарын іздеу" мамандығы бойынша оқуға түсті. И. Стасив өзінің еңбек жолын 1971 және 1972 жылдары Балқаш геологиялық барлау экспедициясының Геологиялық суретке түсіру партиясында өндірістік тәжірибеден өткен студенттік жылдары бастаған.
1973 жылы университетті бітіргеннен кейін, И.Стасив жолдама бойынша Украинадағы Житомир ГБЭ - да жұмысқа кірісті. Содан соң, бекітілгеннен кейін, 1974 жылдың 12 мамырында И.Стасив Балқаш геологиялық барлау экспедициясына жұмысқа қабылданды, онда аға инженер-геолог, геолог, аға геолог, іздестіру жасағының бастығы, партия бастығы қызметтерінде 1988 жылға дейін жұмыс істеді.
1974 жылы И. Стасив өзінің еңбек жолын Балқаш геологиялық барлау экспедициясындағы Мыстөбе алтын кен орнында бастап, ұңғымалардың, жер үсті және жер асты тау-кен қазбаларының құжаттарын әзірлеуге қатысып, іздеу жұмыстарымен айналысқан. 1975 жылы И. Стасив іздеу жұмыстарын аяқтау үшін Батыс Итқұдық алтын кені бөлімшесіне жіберілді. 1976-1978 жылдары Көпшоқы бөлімшелеріндегі Орталық және Шығыс Карьерінде жыралардың үлкен көлемі және іздеу ұңғымалары бұрғыланып, олар кен аймақтарында, жер бетінде де, тереңдікте де алтынның өнеркәсіптік құрамы барын растады.
1979 жылы И.Стасив 1975-1979 жылдары жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижелері бойынша алынған барлық геологиялық, геофизикалық және геохимиялық материалдарды жинақтап, Батыс, Карьер, Солтүстік-Батыс Итқұдық, Көпшоқы, Орталық және Шығыс Карьер, Лиственитті алтын кен учаскелерінде зерттелетін аймақты ірі алтын кен орнының бірыңғай кен алаңына біріктіруге болады деп шешіп, оны Шөлді деп атады. Содан кейін Шөлді кен орны В.А.Сушковтың басшылығымен В.В.Волошин, В.А.Полевой, Н.М.Поздняков және т.б. геологтармен барланған. 2018 жылғы 13 наурыздағы Пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі комиссияның шешімімен Игорь Васильевич Стасив Қарағанды облысындағы Шөлді алтын кен орнын алғашқы ашушы болып танылды.
1975 жылы барлау жұмыстарын жүргізу үшін Солтүстік-Балқаш алтын кен партиясына Саяқ-4 алтын-кобальтті кен орны берілді. 1976 жылы И.Стасив 1:10 000 ауқымындағы егжей-тегжейлі геологиялық карта құру үшін жер үсті іздестіру жұмыстарын жүргізді. Одан әрі ол 1981 жылы кенді аймақтарды зерттеуге, геологиялық қималарды құрастыруға және оның бірлескен авторы бола отырып, есепті жазуға қатысты. Алынған материалдар Саяқ-4 алтын-кобальтті кен орнын бағалау бойынша одан әрі егжей-тегжейлі барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болды.
1976 жылы В.Я.Кошкиннің геологиялық карталарын қарау кезінде И.Стасив Батыс бөлімшесінен солтүстік-шығыста орналасқан күрделі-сараланған интрузивті алқапқа қызығушылық танытты. Барлау іздеу маршруттарын жүргізе отырып, И. Стасив бір кварцты желілердің шығуларын және алтын белгілері көп көрінетін кварц үйінділерін анықтады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 1-ден 2 метрге дейінгі тереңдіктегі шөгінділердің жағасында алтын құрамы жоғары кварцты-талшықты алаң анықталды. Бұл алқап үлкен алқапқа ұштастырылғандықтан, бұл кен орнына Долинное деген атау берілді. Ол кейіннен В.А.Сушков, В.В.Волошин, Н.М.Поздняковпен барланған. ҚР Мемлекеттік сыйақылар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде (1998 жылғы 23 наурыздағы № 69 хаттама) Игорь Васильевич Стасив Долинное алтын кен орнын алғашқы ашушы болып танылды.
1976 жылы Балқаш ГБЭ-на ленинградтық геологтар Е.В.Альперович және Г.Н.Филатовтан 60 жылдары Жамбыл кенішінен оңтүстікке қарай 1:50 000 ауқымындағы геологиялық суретке түсіру жұмыстары кезінде шамамен бірнеше ондаған г/т алтынды құрайтын кварцтық үйінділер анықталғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. 1977 жылдың шілдесінде геологиялық барлау экспедициясының басшылығы И.Стасивті осы көріністің орнын спутниктік суреттер бойынша анықтау үшін жіберді. Осы сипаттамаға сүйене отырып, Жамбыл кенішінен оңтүстікке қарай 95 км және Балқаш қаласынан батысқа қарай 450-500 км әскери алаңдар орналасқан аудандағы осы көріністің орналасқан жері шамамен анықталды. Бірақ, қолда бар сипаттамалар бойынша осы көріністер тікелей жұмыс орнында табылмады, содан кейін фотосуреттерде ақшыл жолақтарды тексеру арқылы кварцты үйінділерді анықтау мақсатында бірнеше барлау бағыттарын жүргізуге шешім қабылданды. Нәтижесінде, И.Стасив басқа жерде сызықтық кварц үйінділерінің бірнешесін анықтады, онда олардың бірінен көрінетін алтынның көптеген белгілері табылды. Іріктелген сынамалар бойынша оң нәтижелер алынып, анықталған кварцтық үйінділерге жыраларды ашу және одан әрі зерттеу, сондай-ақ 1:10 000 аумақтағы егжей-тегжейлі геологиялық карта жасау үшін келесі геологиялық барлауға шығу ұйымдастырылды. Жыраларды борозда сынау нәтижелері бойынша жасырын кварц талшығындағы және өзгертілген жыныстардағы алтынның құрамы 100-ге дейін және одан да көп г/т құрады. Сондай-ақ, 1:10 000 аумақтағы геологиялық карта жасалды. Алтынның анықталған жеріне Алтынсай кен орны атауы берілді, ал кейіннен В. А. Сушковтың басшылығымен А. А. Бицура іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу үшін, алынған геологиялық материалдар Алтынсай жобасын құруға негіз болды. ҚР пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі комиссияның 2018 жылғы 13 наурыздағы шешімімен Игорь Васильевич Стасив Қарағанды облысындағы Алтынсай алтын кен орнын алғашқы ашушы болып танылды.
Шөлді кен орны Итқұдық-Бақтай аймағының шегінде орналасқан, оның солтүстік-батысында бір кездері болашағы жоқ деп танылған Бақтай алтынды кен орны болған. 1980 жылы И.Стасив осы қорытындыларды тексеруді шешті. Нәтижесінде ол, Бақтай кен алаңынан солтүстікке қарай алтын құрамы жоғары, зерттелмеген жаңа бай алтынды кен аймағын анықтады және ашты. Алынған материалдар онда В.А.Сушковтың басшылығымен В.В.Волошин, А.А.Бицура және тағы басқалардың 80-ші жылдардың ортасында толық геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болды. Анықталған кен аймағы Бақтай кен орны атауы берілген бірыңғай кен алаңына біріктірілді. ҚР пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар істері жөніндегі комиссияның 2017 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен Игорь Васильевич Стасив Қарағанды облысындағы Бақтай алтын кен орнын алғашқы ашушы болып танылды.
Содан кейін И.Стасив алтынның жаңа кварцты-талшықты көріністерін анықтау мақсатында Солтүстік Балқаш маңы шегіндегі интрузивті аумақтарды іздеумен айналысты. Алдымен Саяқ-I, Саяқ-II, Саяқ-III және Тастау мыс скарнды кен орындарынан басқа, Саяқ-IV скарнды алтын-кобальтті кен орны және Берқара кварцты алтынды кен орналасқан Саяқ кен алаңының аумақтары таңдалды. Бірлестіктің геологиялық қорларында бұрын жүргізілген геологиялық-түсіру және іздеу жұмыстары бойынша қолда бар есептік материалдарды зерделеп, И. Стасив Саяқ кен алаңы шегіндегі интрузивті аумақтарға орайластырылған бұрын анықталған кварцты-талшықты көріністер бойынша деректер жинақталып, қорытылды, сондай-ақ, тексеру іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін бірінші кезектегі алаңдар анықталды. Орындалған іздестіру жұмыстарының нәтижелері және сынамалы талдау бойынша 10-20 г/т-ға дейін алтынның құрамын құрайтын Ақтас-I, Ақтас-II және Полиметалды кварц-талшықты кен орындарында одан әрі алтынға егжей-тегжейлі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін болашағы бар разрядқа жатқызылды. Осы көріністер бойынша И.Стасив барлық анықталған кварцты-талшықты аймақтарының үйінділерін суреттеу арқылы 1:10 000 аумақтық егжей-тегжейлі геологиялық карталар жасады, сондай-ақ олардың құрамында алтынның 10-20 г/т-ға дейін құрайтын алтын мен ілеспе компоненттерге құрама-нүктелік сынамасы өткізілді. 1983 жылы Балқаш ГБЭ И.В.Стасивтің геологиялық материалдары негізінде Ақтас жобасы бойынша (Сушков В. А., Волошин В. В. және Бицура А. А.) алтынға егжей-тегжейлі іздеу жұмыстары басталды. 2011 жылы бұдан әрі жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде Ақтас-I және Ақтас-II кен орындары алтынның өнеркәсіптік қорлары бар перспективалы кен орындары қатарына жатқызылды, 2016 жылдың соңында ҚР ҚМК-да С1+С2 санатты 14708 кг алтын қоры бекітілді. Полиметалды кен орнында геологиялық барлау жұмыстары әлі аяқталған жоқ.
1983 жылы И.Стасив Солтүстік және Оңтүстік Балқаш маңы бойынша геофизикалық материалдарды қарап, Оңтүстік Балқаш маңы аумағында Қоңырат мыс-порфир кен орнының геофизикалық ауытқушылығына үлкен ұқсастығы бар ірі геофизикалық ауытқушылықты атап өтті. Жетекші геологтар ұсынылған материалдарды біріктіруді қарастырғаннан кейін бірлестік басшылығы 1:50 000 аумақтық терең геологиялық суретке түсіру және геофизикалық жұмыстарды жүргізуге, осы ауытқушылықтарды бағалау бойынша бұрғылау жұмыстарын қолдана отырып, жобаны жазу туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, 1984 жылы Балқаш ГБЭ Оңтүстік-Балқаш түсірілім партиясы құрылды, оның бастығы болып И.Стасив тағайындалды. Жоба бекітілгеннен кейін оның басшылығымен Оңтүстік Балқаш маңы аумағында 1:50 000 аумақтық жер үсті геологиялық суретке түсіру және геофизикалық жұмыстары басталды. 1986 жылы бейіндік геофизикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін, Балқаш ГБЭ оларда карталау ұңғымаларын бұрғылауға кірісті. Нәтижесінде геологиялық барлау экспедициясының басшылығы бұрғылау жұмыстарын тоқтату және 1987 жылы табысты қорғалған және қорларға жіберілген нақты орындалған жұмыстар бойынша геологиялық есепті құрастыра отырып, 1:50 000 аумақтағы жер үсті геологиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
И.Стасив Балқаш геологиялық барлау экспедициясының жұмысы кезіңінде алты геологиялық есептің және алтынды іздеу, іздеу-түсіру, барлау жұмыстарын жүргізуге арналған көптеген жобалардың авторы және бірлескен авторы болып табылады. Оны ҚР Геология министрлігі басқа да геологиялық экспедицияларды тексеру комиссияларына тұрақты түрде қатыстырды. И.Стасив "Социалистік жарыстың жеңімпазы" белгісімен (1978 жыл), Орталық Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасының Құрмет грамотасымен (1979 жыл), Қазақ КСР Геология министрлігінің Құрмет грамотасымен (1987 жыл), 1984 жылы "Орталыққазгеология" бірлестігінің Құрмет тақтасына енгізілді, бірнеше рет Балқаш геологиялық барлау экспедициясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1988 жылдың наурыз айында И.Стасив Житомир геологиялық барлау экспедициясына (Украина) ауысуы бойынша жұмыстан шығып, 1993 жылға дейін еңбек етіп, содан кейін кәсіпкер болды.
Қазіргі уақытта, лайықты демалыстағы И.Стасив ғылыми баспа және электрондық журналдарда жарияланатын мақалалар жазады.
Геологиялық есептер тізімі:
1. Сушков В.А., Стасив И.В. и др. Отчет по результатам региональных геофизических работ масштаба 1:50000 на площади планшетов L-43-20-В (г); L-43-20-Г (в); L-43-32-А (б,г); L-43-32-Б и поисковых работ в пределах Иткудук-Бактайской рудной зоны масштаба 1:10 000. 1979 г.
2. Сушков В.А., Волошин В.В., Стасив И.В. Отчет по результатам предварительной разведки месторождения Саяк-IV (золото-кобальтовый) за 1975-81 г.г. 1981 г
3. Стасив И.В., Волошин В.В., Скрипниченко А.Ф. и др. Отчет по результатам поисково-оценочных работ на месторождении Долинное за 1978-82г.г. Джезказганская область. 1982 г.
4. Стасив И.В. Отчет по проведению детальных поисков золота на площади месторождения Пустынное и поисково-оценочных работ на участке Западный за 1979-1983 г.г. Джезказганская область. 1983 г.
5. Стасив И.В., Коган Е.М., Стрельчонок И.В. и др. Отчет о геологической съемке поверхности масштаба 1:50 000 на площадь листов L-43-55-Г (б, г); 56-В (а, в, г); 67-Б (б, г); 68-А по работам 1984-87 г.г. 1987 г.
6. Стасив И.В., Коган Е.М. Составление прогнозо-металлогенической карты масштаба 1: 50 000 на золото по Иткудук-Бактайской зоне. 1987 г.
Жарияланымдар тізімі:
1. Стасив И.В. Краткий обзор о янтаре Украины, состоянии поисково-разведочных работ, его добычи и переработки, а также направлениях развития янтарной отрасли и ее легализации [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Электрон. журн. "Украина: події, факти, коментарі". – 2016. - № 14. - С .42-53. Режим доступа: https://www.calameo.com/read/0048818713449d4bc2072
2. Стасив И.В. Загадочные геоглифы пустыни Сарыесик-Атырау Южного Прибалхашья [Электронный ресурс ] / И.В. Стасив// Ежемесячный научный журнал ЕВРАЗИЙСКОГО СОЮЗА УЧЕНЫХ (ЕСУ). – 2017. - № 11(44).- C. 5-8. \ Режим доступа: https://euroasia-science.ru/wp-content/uploads/2017/12/Euroasia_ноябрь_журнал_2_ча-25.pdf
3. Стасив И.В. Гипотеза о возможном влиянии загадочной Планеты Х на формирование Земли и другие планеты Солнечной системы [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Электрон. журн. «SCI-ARTICLE.RU». – 2017. - № 47.- С. 70-84. Режим доступа: http://sci-article.ru/stat.php?i=1499101035
4. Стасив И.В. Одна из гипотез о природе Тунгусского метеорита [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Ежемесячный научный журнал ЕВРАЗИЙСКОГО СОЮЗА УЧЕНЫХ (ЕСУ) 2017. - № 42.- С. 16-17. Режим доступа: http://euroasia-science.ru/wp-content/uploads/2017/10/Euroasia-science_сентябрь_журнал_1_-13.pdf
5. Стасив И.В. Перспективы развития альтернативной энергетики в зоне отчуждения Чернобыльской АЭС и производства высокочистого кремния в Украине [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Польский международный научный журнал Colloquium-journal. 2018. - N2(13). - С.41-48. Режим доступа: http://www.colloquium-journal.org/wp-content/uploads/2018/02/Colloquium-journal-----213-chast1-1-1.pdf
6. Стасив И.В. О происхождении озера Балхаш и Балхаш-Алакольской впадины [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Ежемесячный научный журнал ЕВРАЗИЙСКОГО СОЮЗА УЧЕНЫХ (ЕСУ). 2018. - №4(49). - С.5-10.Режим доступа: http://euroasia-science.ru/wp-content/uploads/2018/05/Euroasia_апрель_ журнал_5_ча-22.pdf
7. Стасив И.В. Геоглифы на южном берегу озера Балхаш впадины [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Польский международный научный журнал Colloquium-journal. 2018. - N5. С. 4-10. Режим доступа: http://www.colloquium-journal.org/wp-content/uploads/2018/05/Colloquium-journal----516-chast4.pdf
8. Стасив И.В. Одна из версий происхождения Торгайских геоглифов в Казахстане [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Ежемесячный научный журнал ЕВРАЗИЙСКОГО СОЮЗА УЧЕНЫХ (ЕСУ). 2018. - №7(52). - С.12-19. Режим доступа: http://euroasia-science.ru/wp-content/uploads/2018/08/Euroasia_июль_журнал_3_часть-13.pdf
9. Стасив И.В. Происхождение Аральских геоглифов в Казахстане [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Немецкий международный научный журнал "Spirit time". 2018. - №8 С .35-37. Режим доступа: http://spirit-time.xyz/wp-content/uploads/2018/09/spirit-time-chast-2.pdf
10. Стасив И.В. Геотектоническая версия причины возникновения аварии на Чернобыльской АЭС [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Ежемесячный научный журнал ЕВРАЗИЙСКОГО СОЮЗА УЧЕНЫХ (ЕСУ).2018. - №10(55).- С.12-15. Режим доступа: http://euroasia-science.ru/wp-content/uploads/2018/11/Euroasiajournal_3_part-17.pdf
11. Стасив И.В. История освоения древней дельты реки Или с II в. до н. э. по XIII в. н.э. и значение Великого Шелкового пути в её развитии [Электронный ресурс] / И.В. Стасив// Электрон. период. реценз. науч. журн. «SCI-ARTICLE.RU». – 2019. - № 75.-С.49-76 Режим доступа: http://sci-article.ru/stat.php?i=1573417634