"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Каукербекұлы Совет

Просмотров: 1303

     Каукербекұлы Совет  1939 жылы 25 маусым күні Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Ақтоғай селосының «Өндіріс» колхозының Қасабай атты қыстағында дүниеге келген.

        Ол 1947 жылы Ақтоғай селосындағы № 1 М.Горький атындағы орта мектепке оқуға барып, оны 1957 жылы бітіріп шығады. Балқаш қаласына келіп №2 техникалық училищеге түсіп, оны бітірген соң 1959 жылы «Казэлектромонтаж» мекемесіне электрослесарь болып жұмысқа түседі.

  1960 жылы Қарағанды қаласындағы мұғалімдер институтының тарих факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1966 жылы бітіреді. 1962 жылы №2 Абай атындағы орта мектепте еңбек сабағының, кейін тарих және қоғам тану пәндерінің мұғалімі болады.

   1968-1975 жылдары Блақаш қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, Жезқазған облыстық партия комитетінің саяси оқу үйінің меңгерушісінің орынбасары, қалалық партия комитеті мен Балқаш тау-кен комбинатының партия комитетінде қызмет атқарған.

    1976-1988 ж.ж. түсті металдар өңдеу мен мыс балқыту зауыттарында (ЗОЦМ,БМЗ) және тау-кен комбинатының кәсіподақ  комитеттерінде, 1988  жылы Түсті металл өңдеу зауытында партия комитетінің хатшысы, 1989 жылы Балқаш қалалық партия комитетінің идеология хатшысы болып қызмет жасады.

  1991-2007 жылдар  аралығында Түсті маталдар өңдеу зауытында еңбекақы және еңбекақыны  жоспарлау бөлімінің бастығы болды.

  1998 жылдан бастап, осы уақытқа дейін ҚР Орталық ардагерлер Кеңесінің, Балқаш қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет жасайды.

   Совет Каукербекұлы тарихшы, «Прокатчики Балхаша»(2001ж.), «Металлурги Балхаша»(2003ж), «Мой город – Балхаш»(2007ж.) кітаптарының авторы.

  Каукербекұлы Совет 1990 жылы  маусым айында Қазақстан Компартиясының  XVII съезіне делегат болып қатысты.

     Каукербекұлы Советтің Балқаш қаласына сіңірген еңбегі еленбей қалған жоқ. Ол «Ерен еңбегі үшін», «КСРО –ның еңбек ардагері» медальдарымен, «КСРО түрлі-түсті металлдар өндірісінің социалистік жарыстағы үздігі» белгісімен, бірнеше рет облыстық кәсіподақ , Қазақстан кәсіподақ комитеттерінің және КСРО ТММ-нің кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Көптеген Ағыс хаттардың иесі, сонымен бірге «Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының ардагері» атағын алған. Каукербекұлы Советке 2012 жылы 15 тамызда Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Кәукербекұлы, С. Бұл осылай басталған еді // Балқаш өңірі. – 2002. – 20 қараша.

2. Башар, Ж. Көпшілік қолдауын алды // Балқаш өңірі. – 2003. – 23 мамыр(№№39-40).

3. Оразымбет, М. Оқырмандар ой салды // Мысты өңір. – 2004.

4.  Айтжанұлы, Қ. Өндірісті Балқаштың шежіресі // Балқаш өңірі. – 2007. – 23 ақпан(№16).

5. Әбілқайырқызы, А. Балқаш – менің қалам // Мысты өңір. – 2007. – 20 қараша.

6. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер – ел тірегі // Балқаш өңірі. – 2008. – 24 қыркүйек.

7. Башар, Ж. Ардагерлерге қамқорлық // Балқаш өңірі. – 2010. – 19 ақпан.

8. Кәукербекұлы, С. Ізгілік жолында // Балқаш өңірі. -2010. – 15 қазан.

9. Қажытай, А. Қарттарым, аман-сау жүрші // Балқаш өңірі. – 2011. – 30 қыркүйек.

10. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер – алтын тұғыр // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 сәуір.

11. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер ұйымы // Балқаш өңірі. – 2012. – 28 наурыз.

12. Кәукербекұлы, С. «Құрметті азаматқа» кім лайық? // Балқаш өңірі. – 2012. – 6 маусым.

13. Ата Заңның туған күні тойланды // Балқаш өңірі. – 2012. – 5 қыркүйек.

14. Бақторазқызы, Н. Сырлы күндерге саяхат // Балқаш өңірі. – 2012. – 16 қыркүйек.

15. Кәукербекұлы, С. Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер // Балқаш өңірі. – 2014. – 30 мамыр.

16. Берікбай, Ш. Қарттарым, аман-сау жүрші // Балқаш өңірі. – 2015. – 27 ақпан.

17. Тойымбекова, Ш. Құрмет құшағында // Балқаш өңірі. – 2015. – 30 желтоқсан(№142). – 4 б.

18. Кәукербекұлы, С. Қойнауы құт, ырысты өлкем менің // Балқаш өңірі. 

19. Мерейтойыңыз құтты болсын, ата! // Балқаш өңірі.-2018.- 27 маусым (№60). - 8 б.

20. Күземханов, М. Алғыс арқалағандарға құрмет көрсетті / М. Күземханов // Балқаш өңірі. – 2022. – 2 наурыз (№16). – 3 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика