"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Іс-шаралар тізімі

Мұрағат

Савидов Николай Владимирович

    Савидов Николай  Владимирович  1953 жылы  15 қазанда  Қоңырат кентінде дүниеге келген. Қоңырат кенішінде жұмыс істеген, ал 1985 жылдан бастап №7 түрлі-түсті металлдарды өңдеу зауытында электр жабдықтарын жөндеуші электр монтеры болып істейді.

    Н.Савидов көзге ілікпес миниатюралар жасаудың шебері.  Ол 1984 жылы өзінің бірінші  жұмысы – тағаланған жұмыртқаны- Мәскеу қаласының политехникалық институтының  мұражайына жібереді. Ол жұмысы атақты Гинесс рекордтар Кітабының филиалы тәріздес  «ПАРИ» агенттігіне тіркелді.     1989 жылдан бастап, Н.Савидов  жылқының қылынан тәжірибе жасай бастады. Қылды кесіп, оны жылтырағанша тегістеуге, содан кейін осы қылға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдер ойып жазуды үйренді.

    Балқаштың қолынан өнері тамған шебері туралы,  2000 жылы Ресейдің «Физкультура және спорт» баспасынан шыққан, «Әлемнің рекордтар Кітабында»  жарияланды.

    Шебер Н.Савидов осы уақыт ішінде өз жерлестерін ғана таңқалдырып қоймай, «Поле чудес» бағдарламасына қатысып, рекордшылардың «Интерстронг» деп аталатын Клубындағы ресейлік рекордтар Кітабына еніп, өз жұмыстарын Мәскеу қаласындағы Арбатқа және Алматыдағы Жібек жолына қойды. Оның таң қалдыралық туындылары Мәскеу қаласының Политехникалық мұражайында, Қазақстан Республикасы Президентінің,  Украинадағы  В.Разумов атындағы  көзге ілікпес кітаптар және  «Поле чудес» бағдарламасының мұражайларында сақтаулы.

    Рекордшылардың «Интерстронг» халықаралық клубында, әлемдегі таң қаларлық рекордтарды тіркеу жөніндегі ресейлік комитеттің атынан, Н.Савидовқа  арнайы медаль «Ника»  және  диплом тапсырылды. Николай Савидов әлемнің рекордтар Кітабына енгенше, шығармашылықтың өте ауыр жолынан өткен  бірінші қазақстандық болып табылады.

  Бүгінде Н.В.Савидовтың коллекциясында 400-ден астам көзге ілікпес миниатюралар және 200 әр түрлі жұмыстар бар. Н.Савидовтың жұмыстарына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі таң қалып, баға берген.

  Таң қаларлық заттар жасайтын Н.Савидов  бүкіл Қазақстанда, тіпті Орта  Азиядағы  жалғыз «солақай». Н.Савидовтің қолдан жасайтын, ғажайып жұмыстары әлі біткен жоқ, ол жалғасын тауып, жаңа сюжеттер мен материалдармен толығуда.   

Әдебиеттер тізімі:

1. Драчева, Е. Н.Назарбаев жаңа цехтардың тұсауын кесті / Е.Драчева // Балқаш өңірі. – 1996. – 9 сәуір(№28). – 3б.

 


Дата редактирования: 18 Қаңтар 2020