"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Набиев Ерлан Ражанұлы

Просмотров: 1430

     Набиев Ерлан Ражанұлы 01.02.1949 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1966 жылы орта мектепті бітіріп, Қазақ техникалық иститутының геолог-барлаушы факульетіне түседі.

     Өзінің еңбек жолын студенттік шақтарда Саяқ жерінен бастайды, ол институт бітіріп, 1972 жылы ҚазССР геология министірлігінің  жолдамасымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Саяқ жеріне геолог-барлаушы партиясына жұмысқа жіберіледі.

     1972-1975 жылдар аралығында Саяқ геолог-барлаушы партиясында Саяқ-1 кен орнында, Солтүстік шетінде барлау жұмыстарын өткізді, Молибдендік Саяқ-1 туған өлкесіне мыс және молибден іздеу жұмыстарымен айналысты. Солтүстік, Батыс және Солтүстік-батыс қапталдарында мыс және молибден кеңейту шараларын көздеді.

   Саяқ-4 мысты өлкесінде жете барлау басталды. Набиев Ерланның қатысуымен жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша ең алғаш С1 дәрежелі мыс қорының өсуі байқалды. Алдын-ала Саяқ-1 жерінде молибден кендерін барлаудан өткізді. Басқа геологтармен бірлесе отырып Саяқ-4 өлкесінің №1 барлау – эксплутациондық шахтасында пайдаланатын негізгі материалдар құрды.

     1975-1979 жылдар арлығында бас геолог лауазымы бойынша барлау жұмыскерлері мен Саяқ-3, Тастау және Молдыбай экспериментальді бұрғылау жерлерін басқарды. Пайдалы қазба қорының мемлекеттік комиссиясы, КСРО  Кеңес министрлігінің ұсынысы бойынша барлауға дейінгі қорытындылар мен экспериментальді бұрғылау жұмыстарын өңдеді.

    Саяқ-1,  Молдыбай, Шығыс Саяқ-2, Саяқ-3, Тастау және Саяқ-4 туған өлкесі барлау қорының нәтижелерінің өсімдерін салыстыра отырып есептеді. ГКЗ КСРО бекіткен, Саяқ-1 өлкесінің молибден рудалары басқа геологтармен бірлесе отырып «Техно-экономикалық жер асты Саяқ кендеріне негізделген» бастапқы геологиялық материалдар құрды

   1979-1991 жылдар арлығында Саяқ кен ауданында барлық барлаушы жұмыскерлерді басқарып, бас геолог болып жұмыс атқарды. 1982-1985 жылдар аралығында оның басқаруымен Тастау өлкесінің детальдық барлау жұмыстарын орындады, 1986 жылы есептелінген кен қорын ГКЗ КСРО бекітті. Жасалған жұмыстың қорытындысы бойынша Саяқ рудасы Балқаш тау-металлургиялық комбинатының мерзімдік қоры ашық жұмыс өтеуге пайдалы болды.

   1983-1988 жылдар аралығында барлаушы жұмыскерлері мыс-порфир үлгісін іздеу мақсатында  Берқара, Жұмбақ және Жамбас кен орындарында аумақтық үлкен ізденістер жасады, Жаңасаяқ, Сарыбай жаңа кен орындарын ашты. Аудан заңдылықтары үшін жаңа кен орындарын тағайындады. Саяқ геолог-барлаушы партиясы геологтарымен бірігіп «Техника-экономикалық Үміт мыс кен орны индустриялық мүмкіндігі мол» бастапқы геологиялық материалдар құрылды. ТЭС есептерінің негізі бойынша, ең алғаш ауданда мыс – молибден кен бағалау кондициясының параметрлері анықталды. Оның басқаруымен 1987 жылы КСРО Минцветмет, ЦКЗ Мингео бірлескен мәжілісінде Берқара  молибден кен орнын кеңейту жұмысы талқыланды. 1987 жылы игерілген өнім қоры  ГМК Балқашқа жіберілді.

    1988-1991 жылдар аралығында ауданда мыс және молибден кешенді кен  іздеу  жұмыстарын басқарды. Саяқ кен ауданында ең алғаш үлкен тереңдікте  кен структуралық іздеу ұңғымалары салынды. Құрылысқа арналған тастарға іздеу және барлау жұмыстарын өткізді.

    1991 жылы Саяқ геолог – барлау партиясының бастығы болып тағайындалды, 1991-1995 жылдар аралығында өндіріс және шаруашылық партиясын басқарып нарықтық экономикалық  қатынасқа көшті.  Берқара кен орнында алдын-ала мыс–молибден кендеріне барлау өткізді. ТЭД партиясымен және НПО «Казрудгеология» кондициясымен бірігіп, ТЭД-ға уақытша кондициялы жобасымен қатысты, 1993 жылы Қазақстан Республикасының ЦКЗ Мингеода қаралып бекітілген, ТЭД есеспеулері бойынша Берқара кен орнының эксплутациялық тиімділігі дәлелденді. Ең алғаш 1991-1993 жылдар аралығында Е.Р.Набиевтің басшылығымен Саяқ аудандық батыс шебінде алтын мен сирек металл  іздеу жұмыстары басталды. Жұмыстың қорытындысы бойынша жаңадан заңды алтын мен сирек металл бөлімшесі пайда болды. Сонымен қатар бағалы металл іздеу нәтижесінде Шығыс Жамбыл бөлімшесінің болашағы  өсті, жоғарғы және төменгі жиегінде жоғары сапалы мыс-молибден кені табылды.

   1995 жылы Республиканың нарықтық экономикасына байланысты Саяқ геолог-барлау партиясы жабылып, барлық кен іздеу жұмыстары тоқтатылды. Саяқ кентінің мекемесіне байланысты Е.Р. Набиев өзінің «Геолог – барлау бөлімшесінен» Саяқ кентіне ауысты. Содан 1995-1998 жылдар аралығында рудник бөлімшесінде геолог–барлаушы бастығы болып қызмет жасады. Бұл жылдары Саяқ-1 «Мәрмәр» кен орны орналасқан орында кенді көбейту және бастапқы геологиялық материалдар қорларын есепке алу, санап шығару жұмыстары жүргізіліп, 1998 жылы ТКЗ ТУ «Ортаказкен» мақұлдауымен іске асты.

     1998 жылы ол Балқаш тау-кен комбинатына қарасты Саяқ кентіне бас геолог болып тағайындалды. 1998-2001 жылдар аралығында  Саяқ-1 мыс кен қорын есепке алу жобасын орындады, 1.01.2001 жылы бастапқа геологиялық материалдары Саяқ-1, Саяқ-2, Саяқ-3 және Тастау жер асты қорларын құрады. Келесі жылында Ерлан Ражанұлы бірнеше болашағы бар бөлімшелердің жер асты жұмыстарына арналған геологиялық материалдарын дайындады. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытта ПО «Балхашцветмет»  Саяқ кентінде бас геолог болып жұмыс істейді.

     Ұзақ уақыт бойы Ерлан Ражанұлы Саяқ кенді ауданы орналасқан жерде кен іздеумен айналысты. Оның тікелей қатысуымен Саяқ кентінің алтын – молибден кен өнімі, Саяқ тобы кен орнының өңдеу қорына өтті.

     Оның іздеу, барлау жұмыстары 18 жобаны құрады. 16 есепке алу, санап шығару жұмыстарының авторы.

   Көп жылдық сіңірген еңбегі үшін Ерлан Ражанұлы Набиев «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген барлаушысы», «Бірінші кен орнын тапқыш» атағына ие болды. «Кенші даңқы», «Ерен еңбегі үшін», «Балқаш қаласының құрметті азаматы» медальдарымен марапатталған.

 


Дата редактирования: 19 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика