"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Мұстафин Спимұхамбет Жаңабекұлы

Просмотров: 1523

 

     Мұстафин Спимұхамбет Жаңабекұлы өзінің еңбек жолын 15 жасынан бастап, 1941 жылы бастады.

1943 жылы Спимұхамбет Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, Ташкент қаласындағы пулемет-минометшілерді дайындайтын училищеде  6 ай оқығаннан кейін, Украина майданындағы  62-ші және I-ші гвардиялық дивизияның құрамында соғысқа қатысады. 1944 жылдың ортасында соғыста алған жарақатына байланысты, екінші топтың мүгедегі болып елге оралады.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін «Ұлы отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» және басқа да 14 медальдармен марапатталды.

С.Мұстафин  Армия қатарынан қайтқаннан кейін шаруашылық, кеңестік -партиялық және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, үзбей жұмыс істейді. Жұмыс істей жүріп, тарих және экономика салалары бойынша жоғары білім алады.

С.Мұстафин 35 жыл бойы кооперативтік және мемлекеттік сауда-саттық саласында, оның ішінде 20 жыл БКМК-ның тамақпен қамтамасыздандыру бөлімінде бастық,11 жыл қалалық сауда саласының директоры, 4 жыл Жезқазған облысының сауда-саттық басқармасының басшысы болды.

1967 жылы С.Мұстафин мемлекеттік сауда ісі саласына сіңірген еңбегі үшін «Мемлекеттік сауда  ісінің үздігі» белігісімен, 1975 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1989 жылы С.Мұстафинге «Қазақ ССР-ның қызмет көрсету саласына еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілді.

С.Мұстафин 8 жыл бойы қаланың және комбинаттың тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына басшылық жасады.

1998 жылы 19 қарашада С.Ж.Мұстафинге Балқаш қалалық мәслихаты-депутаттар жиналысының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мұстафин  Спимұхамбет  Жаңабекұлы 2007 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Коммуналдық  қызмет көрсету // Балқаш өңірі. – 1998. – 11 наурыз.

2. Жұматова, З. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Жұматова З. – Балқаш,2000. – 110-112 б.

3. Мұстафин, С. Халықтың қамы десек // Балқаш өңірі. – 2007. – 26 қаңтар.

4. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,202 б.


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика