"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Логвиненко Валентина Спиридоновна

     Логвиненко Валентина Спиридоновна 1960 жылы Павлодардың политехникалық техникумын бітірген соң, еңбек жолын Балқаш сүт зауытынан бастаған. Бір жылдан зауыттың барлық өндірісін басқарушы болып тағайындалады.

В.Логвиненко 1983-87 жылдары сауда мен өндіріс тауарларының сапасын тексеретін инспекцияның Балқаштағы өкілетті инспекторы болып қызмет атқарады.

В.С.Логвиненко 1987 жылы сүт зауытының директоры қызметіне бекітіледі.

1994 жылы қалалық сүт зауыты акционерлік қоғам болып қайта ұйымдастырылып, Валентина Спиридонова осы қоғамның президенті болып сайланады.

90-шы жылдары сүт зауыты қаладағы және облыстағы тауар өндіруші зауыттардың арасында өткен көрмелер мен жарыстарда,  сүт өнімдерінің көп түрлілігі мен сапасы жағынан бірнеше рет  жеңімпаз атанды.

1999 жылы Балқаш сүт зауыты республикалық көрме кезінде, сүт өнімдерінің сапасы бойынша дипломант атанып, «Партнерство ради прогресса» деп аталатын  европалық бағдарлама бойынша халықаралық «Гран-при» жүлдесіне ие болды.   

Осы халықаралық жобаның Үйлестіру комитеті «Балқашсүт» акционерлік қоғамын «Үлкен алтын медальмен» марапаттап,, «Инвест-2000» жаңа бағдарламасына қатысу үшін, оның  құрамына қосты.

1995 жылы В.Логвиненконың жеке басшылығымен өндіріске «Фин-пак» автоматтарының негізінде істейтін технологиялық желі және  экологиялық таза бумен жұмыс істейтін электрлік жылытқыштар енгізілді.

1996 жылы зауыттың ұжымы өндірістік және коммерциялық іс-әрекеттерінің ауқымын кеңейтіп, жаңа  технологиялық цикл: сүт-нан – автокөлікпен тасу-сауда нүктесі – сату жүйелерін енгізді.

Валентина Спиридоновна қаланың  қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысты. 1976-86 жылдары сауда-тұрмыс сұрақтары бойынша жүргізілетін халықтық бақылаудың, штаттан тыс меңгерушісі болды.

1993 жылы Балқаш қалалық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.  Қайырымдылық пен мейірімділік шараларына да қатысып, көпке үлгі бола білді.  «Шапағат», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» медальдарымен марапатталды.

1996 жылы 13 қарашада В.С.Логвиненкоға Балқаш қалалық мәслихат – депутаттар жиналысының шешімі бойынша «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер  тізімі:

1. «Балқаш қаласының құрметті азаматы» атағы берілді // Балқаш өңірі. – 1996. – 9 қараша(№69-70).

2. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,202 б.

 


Дата редактирования: 06 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика