"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Миллер Петр Климентьевич

     1910 жылы Украина мемлекетінің Одесса облысы, Фауна ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1911 жылы оның ата-анасы Куйбышевка облысына көшіп келіп, сол жерде Петрдың балалық шағы өтті. 1933 жылдың қыркүйек айында Қызыл әскер қатарына шақырылды. Мерзімінен бұрын біткен әскери қызметінен кейін Балқаш мыс қорыту комбинатын салу құрылысында жұмыс  атқарды. Металлургтер мектебін бітіріп, пештер тиеушісі болып қызмет жасаған. 24 қараша 1938 жылғы бірінші мыс балқытуға қатысқан. Майданда 1942 жылдан бастап Дон үшін, Днепр мен Карпатты алуда шайқасты. Жеңіс күнін Чехословакияда қарсы алды.
     1944 жылы 10 қаңтарда Днепрде көрсеткен ерлігі үшін П. К. Миллерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
     Соғыстан кейін П.К. Миллер Өскемен қаласына көшіп келді. Ұзақ уақыт бойы, зейнеткерлікке шыққанға дейін қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істеді.  Өскемен  қаласының құрметті азаматы.... 1967 жылы металлургиялық мыс қорыту зауыты ғимаратында  П. К. Миллереге арнап  ескерткіш тақта орнатылған. Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 19.01.2000 жылғы №3/31 шешімімен Оңтүстік тұйық көшесіне  Петр Миллердің есімі берілді. 1982 жылы өмірден озды, Өскемен қаласында жерленген. Ол Кеңес Одағының батыры тізімдерінің ішіне кірген, онда  Қазақстанның 500-ден астам батырларының аты-жөні бар.

Әдебиеттер тізімі:

1. Совет Одағының Қазақстандық батырлары - Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1969. – 55-56 бет.
2. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы - Қарағанды: ЖШС «Арка және К», 2007. – 191 бет.
3. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедиялық жинақ – Алматы: «Өнер»,  2010. – 164 бет.


Дата редактирования: 31 Наурыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика