"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Подсадник Николай Георгиевич

Просмотров: 1345

     1922 жылы Белорусь мемлекетінің Витебск облысында дүниеге келген. 1939 жылы отбасы жағдайымен Балқаш қаласына қоныс аударған. №1 ОМ бітірген. 1940 жылы Балқаш қаласының горвоенкоматы арқылы әскер қатарына шақырылған. Оренбург қаласындағы авиациялық училищесіне түскен.     
     Станиславский қызыл ту полкінің 165-ші гвардиялық құрамында, Суворов және Кутузов дивизиясының шабуылдаушы авиациялық, 10-шы гвардиялық шабуылдаушы авиациялық ордені құрамында Николай Подсадник - Киев, Львов, Кишинева, Югославия, Румыния, Австрия қалаларын бостау кезінде ерлікпен шайқасты.  Н. Подсадник  өз бөлімшесінде шебер барлаушы,  шабуылдаушы болып танылған. 
Николай Георгиевичтің достары оның батылдығы мен табандылығын жақсы көретін, ұшу техникасын жақсы меңгерген. Гвардия лейтенанты Николай Подсадник "Ил-2" 12 ұшаққа жетекші болды.  Әуе тапсырмаларын жетік түрде орындағаны үшін екі мәрте "Қызыл Жұлдыз", ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.
     1934 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені және "Алтын жұлдыз" медалі берілді.  Кеңес Одағының батыры Н. Подсадник сол жылдары 23 – ке енді толған еді. Ал ол уақытта Николай Подсадник әуе шебер ұшқышы болатын. 1943 жылдың соңында, аспан фронтына алғаш рет шыққан ол, соғыстың соңына дейін өзінің  жеке есебіне 101 жауынгерлік ұшуды жазып үлгерді.
     Соғыстан кейін ол Мәскеу қаласында тұрып сонда қызмет жасады. Отбасы: жұбайы – мәскеулік, Серафима, ұлдары Николай, 1949 ж. және Владимир 1951 ж.  Ғылыми - зерттеу институттарының бірінде жұмыс істеген, зейнетке шығардың алдында ректор орынбасары лауазымында қызмет жасаған. 1973 жылы қайтыс болды. Оны Батыр ретінде үлкен сый-құрметпен соңғы сапарына шығарып салады. Ол Балқаш қаласына келіп жүрді, мұнда оның анасы – Калерия Николаевна Подсадник және тәтесі Нина Николаевна Смирнова тұратын. Қазіргі таңда қалада оның немере жиені Евгений Подсадник және нағашы туыстары Смирновтар тұрады.1968 жылы – анасының жерлеу рәсімінде болған. 1970 жылы нағашылары Смирновтардың үйіне қонаққа келген, ол ән айтуды өте қатты жақсы көрген, баянда ойнаған, ашық жарқын адам болған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Совет Одағының Қазақстандық батырлары / Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1969. – 165-166 бет.
2. Балқаш. Тарих беттері. Құжаттар мен материалдар жинағы. Қарағанды: ЖШС «Арка және К», 2007. – 192 бет.
3. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары: Энциклопедия жинақ – Алматы: «Өнер», 2010. – 320 бет.


Дата редактирования: 17 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика