"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сарымсақов Мансұр Қайыркенұлы

Просмотров: 98


     Сарымсақов Мансұр Қайыркенұлы  1916 жылы Кіндікті жерінде (қазіргі Нарманбет ауылы Ақтоғай ауданы Қарағанды облысы) дүниеге келген. 30-шы жылдары мыңдаған ауыл тұрғындары ашаршылық пен суықтан құтылу үшін орасан зор құрылысты естіп Балқаш көліне қарай бет алды. Осы ауыл адамдарының арасында Сарымсақовтар отбасы да болды. 1932 жылдың қыркүйегінде Мансұр Сарымсақовты флотатор ретінде жұмысқа қабылдайды. Сол жылы комсомол мүшесі Мансұр Сарымсақовты флотация технологиясы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін Красно – Уральск байыту фабрикасына үш айлық өндірістік практикаға жібереді. 1937 жылы Балқаш мыс қорыту зауыты байыту фабрикасының 3-секциясы іске қосылды. Мансұр Сарымсақов МОФ бірінші секциясының комсомол – жастар ауысымында жұмыс жасады, бар ынта-жігермен еңбек етіп, мыс кенін байыту жөніндегі жоспарды әрдайым асыра орындап отырды.
     1938 жылдың желтоқсан айында Мансұр Сарымсақовты әскери қызметке шақырады. Ол КВЖД салған, шекарада Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан, Қиыр Шығыс әскери қолбасшылығының Құрмет грамотасымен марапатталған.
     Мансұр Сарымсақов байыту фабрикасының аға флотаторы болып жұмыс істеп жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады. Ол өз еркімен Отанын қорғау үшін майданға аттанады. Алдымен Қиыр Шығыстағы 61–ші Армияда қызмет етіп, мемлекеттік шекараны қорғады. 1941 жылдың 25 тамызында 62–ші Армияның 134-атқыштар дивизиясының құрамында шұғыл түрде Сталинград майданына ауыстырылды. Атқыш ретінде Сталинград үшін шайқасқа қатысқан.
     1942 жылы 14 қазанда Волгадағы қала үшін болған қиян-кескі шайқастар кезінде Мансұр Сарымсақов ауыр жарақат алып, әскери госпитальда төрт ай жатты. Комиссияның 1943 жылғы 6 қаңтардағы шешіміне сәйкес оған екінші топтағы мүгедектік белгіленіп, 1943 жылғы 6 наурызда оның  жарақатына  байланысты соғыстан босатылады.
     Мансұр Сарымсақов туған қаласы Балқашқа келіп, үйде бос отыра алмады. Елге мыс беру қажет болғандықтан осы қиын соғыс уақытында мыс балқыту зауытында негізінен әйелдер мен жасөспірімдер жұмыс істеді. Ол мүгедектіктен өз еркімен бас тартып, 1943 жылдың 8 қыркүйегінде шағын байыту фабрикасына 5-разрядты диспетчер болып жұмысқа қабылданды. Мансұр Сарымсақов 1974 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін Балқаш тау-кен металлургия комбинатында 43 жыл еңбек етті.  Көптеген жас флотаторларға мұғалім және тәлімгер болды, оған «БГМК Еңбек ардагері» атағы берілді.
     Мансұр Сарымсақов жауынгерлік және еңбектегі жетістіктері үшін І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», Жуков, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.
     Мансұр Қайыркенұлы Сарымсақов 1999 жылы 13 желтоқсанда өмірден озды.
Мақалалар тізімі:
1. Мәнсүрұлы, Қ. Ата қорғаны – ұрпағы / Қ.Мәнсүрұлы // Балқаш өңірі. – 2021. – 5 мамыр (№35). – 5 б.

 

 


Дата редактирования: 05 Тамыз 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика