"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Малгаждар Разиев

Просмотров: 652

        Малгаждар Разиев 1911 жылы Қарағанды облысы Шет ауданында дүниеге келген. 1931-1932 жылдардың аштық нәубетін басынан өткізіп жастайынан еңбекке араласты. Соғыс туралы хабар жеткенде Балқаш қаласындағы мыс қорыту зауытының автокөлік мекемесінде еңбек етіп жүрген Малгаждар Разиев Отанды қорғауға аттанды, Беларусь майданының арнаулы сегізінші полкында қатардағы жауынгер жүргізуші болды. Бұл полк соғыс басталған күннен бастап алдыңғы шепте болған еді. Малгаждар Разиев талай ұрыстарға қатысып, Курск жанындағы шайқаста жаудың борап тұрған оғының астында зеңбірек тіркеген көлікті бұйрық бойынша аса маңызды нысанға аман-есен жеткізді. Осы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» ордені және «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
        Малгаждар Разиев Днепр өзенін басып өтіп, Украина астанасы Киевті, Лубна қаласын және Беларусь астанасы Минскіні жаудан азат етуге қатысқан. Поляк жерінен жауды қуып, 1944 жылы Люблен, Минск-Мазовецкий қалаларын азат етуге, 1944 жылы 14 қыркүйекте Чехия астанасы – Праганы, ал 1945 жылы Неве-Мястада, Дзялдова, Дойч-Айлау қалаларын жаудан босатуға қатысқан. Германия жерінде Заальфельд, Берлинге дейін барған. Оның айғағы – Иосиф Сталиннің бұйрығы бойынша Қызыл Әскер Гвардиясы Малгаждар Разиевке Неміс қамалдарының басты штабын басып алу шарасында көрсеткен батылдығы үшін марапаттаған медальдары мен құрмет грамоталары дәлелдейді. 1945 жылы мамырда Берлинді азат етуде Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.   
       Малгаждар Разиев Жеңіс күнін Берлинде қарсы алып, туған елге 1945 жылы қазан айында оралады. Өзі еңбек еткен Балқаш мыс зауытында автокөлік мекемесінде жұмысын жалғастырды.
       Малгаждар Разиев 1996 жылы дүниеден озды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика