"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Есенқұл Тезекбаев

Просмотров: 798

 

Есенқұл Тезекбаев 1916 жылы Қарағанды облысының Қоржын түбек ауылында дүниеге келген. Бастауыш мектептің үшінші сыныбын аяқтағаннан кейін жасөспірім балық аулау шхунында, одан кейін Балқаш мыс балқыту зауытында жұмыс істеді, сол жерден 1941 жылы 22 тамызда Балқаш ҚӘК майданға шақырылды. Е.Тезекбаев әскердегі күнін 75-гвардиялық атқыштар полкының 26-Шығыс - Сібір дивизиясында бастады. Дивизияға келгеннен кейін станок пулеметшісі болып тағайындалды, кейін санитар-нұсқаушы болды.
1942 жылы маусымда жаудың бораған оғының астында майдангерімен бірге  9 жараланған барлаушыларды қару-жарақтарымен майдан даласынан алып шыққаны үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін»  медалімен марапатталды. 1944 жылғы 31 қазандағы  75-ші гвардиялық полк командирі полковник Планкин жазған марапаттау қағазында Е.Тезекбаевтың III дәрежелі Даңқ орденіне ие болған тағы бір ерлігі сипатталады: «Е.Тезекбаев жолдас Подворишки және Клайпуца ауылдары маңында Шталлупенен бағытындағы неміс қорғанысын бұзып өту кезінде өзін өте ержүрек, батыл, табанды жауынгер-санитар ретінде көрсетті. Жаудың толассыз артиллериялық-миномет және пулеметтен атқылаған оқтарының астында, өлімді елемей, ұрыс даласынан 28 жараланған жауынгер мен 5 офицерді алып шықты. Осылайша  Отан қорғаушы -  33 адамның өмірін сақтап қалды».
1945 жылы 10 сәуірде Е.Тезекбаев Кенигсберг қаласына шабуыл жасау кезінде жараланады. 1945 жылы мамырда аға сержант атағымен соғыстан босатылады.  Е.Тезекбаевтың жауынгерлік еңбегі жоғарыда көрсетілген марапаттардан басқа «Кенигсбергті басып алғаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен атап өтілген.
Е.Тезекбаев соғыстан кейінгі бейбіт уақытта геолог болып жұмыс істеді, оның адал еңбегі «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Есенқұл Тезекбаев 1973 жылы 13 ақпанда өмірден өтті.  

        

 


Дата редактирования: 19 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика