"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Омарбаев Әубәкір Қашқынбайұлы

Просмотров: 1233

 

   Омарбаев Әубәкір Қашқынбайұлы 1919 жылы қазіргі Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылында дүниеге келген. Ол он үш жасына дейін ата-анасымен «Қараша» қыстағында тұрды. Содан кейін Балқаш қаласына көшіп, темір жолда электрик болып жұмыс істеді.
   Ә.Омарбаев 1941 жылы әскери қызметке шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде барлық сарбаздар Отанын қорғау үшін майданға аттанады. Ә.Омарбаев 1942 жылдың наурызына дейін Сталинград майданының десанттық-атқыштар бригадасының 7-взводының қатарында соғысты. Одан кейін азат етілген қалалардағы теміржолдарда, басқа да нысандарда электр қуатын қалпына келтірді. Әубәкір Қашқынбайұлы партизан жасағында соғысады, 1945 жылдың сәуірінде жараланып, емделгеннен кейін Балқаш қаласына оралады. Ақтоғай ауданының «Великий Октябрь» колхозына жұмысқа шақырылып, онда өмірінің соңына дейін жемісті еңбек етеді. Қажырлы еңбегіне байланысты бірнеше медальдармен марапатталған.
     Ә.Омарбаев 1971 жылы 15 сәуірде өмірден озды.  

 


Дата редактирования: 20 Қыркүйек 2021

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика