"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тотаев Хаден

Просмотров: 1004

     Хаден Тотаев 1924 жылы 26 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келіп, осы жерден 1942жылы Кеңес әскерлерінің қатарына шақырылды.Ашхабадтағы полк мектебінде  минометші дағдыларын үйренді.Оқуды бітірген соң Бұхар қаласына жолданып, қосымша полкты даярлаумен және жасақтаумен айналысты. 1943 жылдың қыркүйек айында Ворошиловград маңындағы ұрысқа  қатыстырылды.
     Сондай-ақ Тотаев Хаден атақты Перекоп атқыштар дивизиясы құрамындағы украиндық төртінші майдандағы ұрысқа, Қырым түбегін азат етуге қатысып, жауынгер жолдастарымен Ворошиловградтан Севастопольге дейін жүріп өтті.
     Соғыстан кейін 1948-1960 ж.ж. ішкі істер саласында қылмыстық іздестіру инспекторы болып қызмет етті. 20 жылдан астам  уақыт Балқаш кен - металлургия комбинатының үгіту цехында газбен  дәнекерлеуші болып еңбек етіп, осы жерден 1980 жылы құрметті демалысқа шықты.
     Өзінің өмірлік тәжірибесін Хаден Тотаев  немерелеріне, жас ұрпаққа қалдырды.Қоғам өміріне белсенді араласып, үнемі оқушылармен және жастармен кездесіп, өскелең ұрпақты әскери- патриоттық тәрбиелеуде зор үлес қосты.
     Ерен еңбектері үшін Хаден Тотаев көптеген үкіметтік марапаттарға ие болған: жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «ІІМ –нде  мінсіз қызметі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен  және көптеген т.б марапатталған.
     Ұлы Отан соғысының ардагері Хаден Тотаев 2017 жылдың 4 мамырында өмірден өтті.

Мақалалар тізімі:

  1. Айтжанұлы, Қ. Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2004. – 14 мамыр (№41-42). – 1 б.
  2. Бақторазқызы, Е. Ұлылыққа тағзым – ұрпаққа парыз / Е.Бақторазқызы  // Балқаш өңірі. – 2013. – 8 мамыр (№49). – 2 б.
  3. Булендинов, А. Ардагер сыр шертеді / А.Булендинов // Балқаш өңірі. – 2015. – 11 ақпан (№15). – 5 б.
  4. Бақторазқызы, Е. Сыр бойынан шыққан сарбаз / Е.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 мамыр (№49-50). – 3 б.
  5. Бақтораз, Е. Ұрпақ мәңгі тағзым етеді / Е.Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2017. – 5 мамыр (№49). – 3 б.
  6. Хаден Тотаев: Қазанама // Балқаш өңірі. – 2017. – 12 мамыр  (№51-52). – 12 б.

 

 


Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика