"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Зенькина Рашида Исмагиловна

Просмотров: 1133

 

     Ұлы Отан cоғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар  ол  халқымыздың  теңдесі  жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтарымен қатар белін бекем буып аналарымыз бен қыздарымыз да өз ұрпағының келешегі үшін аттанды. Жастайынан соғыстың кермек  дәмін татып, сонау қиын-қыстау заманның бұлыңғыр тұстарын басынан өткерген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі - Зенькина Рашида Исмагиловна.
     Зенькина Рашида Исмагиловна 1925 жылы 20 желтоқсанда Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген. Оқ пен оттың ортасында жүріп, жеңіс үшін жанын жалау, арын алау еткен Рашида кейуана тоқсанның бел ортасына келсе де әлі тың. Оның санасында соғыс жайы алғаш өздері білім алған Қазан қаласындағы мектепті әскери госпиталь етіп, жарақаттанған солдаттарды әкеле бастағаннан мәңгіге сақталып қалады. Сол кездің өзінде қайсар, талдырмаш қыз медицина қызметкерлеріне жаралы жауынгерлерді күтуге көмектесіп, қолдарынан келгенше көңілдерін аулап, концерттік нөмірлер ұйымдастыруға атсалысады. Осылайша, 1942 жылы Қазан қаласындағы Ленин атындағы оқ-дәрі шығару зауытына бақылаушы болып жұмысқа орналасады. Мұнда, алдымен радио курсын бітіріп, кейін взводта қызмет етеді. Ұрыс даласындағы әскери қызметі 18 жасынан басталады. 1943 жылы соғысқа аттанып, 4-ші Украина майданындағы 70-ші атқыштар бригадасында радио байланысшы болады. Майданда Украина, Польша, Висла, Чехословакия, Пардубица жерлерінде ұрыста болған.
     «Біз алдын ала болжанбайтын және қауіпті жағдайларда жұмыс істеуге мәжбүр болдық, бірақ Отан алдындағы парыз әрқашан бәрінен жоғары еді», - дейді майдангер. Шынымен де, жарылып жатқан снарядтар мен миналардың астында 12 кг радио құрылғыны көтере жүріп, керекті ақпараттарды дер кезінде жеткізу жас қыз үшін қиын болғаны анық. Ол поляк топырағында жүріп, қарша бораған неміс зеңбіректерінің қаһарын сезінгендігін толғаныспен еске алады. Рашида Исмагиловна майданда батылдықтың үлгісін бірнеше рет көрсетті, бүгінде оның кеудесінде жарқыраған «Қызыл Жұлдыз» және II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендері мен «Германияны жеңгені үшін», «Жуков» медалі және Ұлы Жеңістің мерейтойларына арналған мерейтойлық естеліктер соның айғағы. Соғыстан кейін, 1945-1961 жылдары Қазан қаласында қайық шығару зауытында табельші, одан әрі Кемеров облысы, Прокопьев қаласының тігін фабрикасында еңбек етеді. 1964 жылы Қазақстан жеріне Балқаш қаласына қоныс аударып, тігін фабрикасында қызмет атқарған. Осында 1973 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады. Зейнеткерлікке шыққан соң да, біраз уақыт телефон операторы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Рашида Исмагиловна балқаштықтар үшін әдемі, қоңыр дауысымен де танымал. Олай дейтініміз, біраз жылдар бойы балқаштық «Живая память» хорында ән айтып, қаламыздың мәдениетіне өз үлесін қосқан да еді. Қазіргі таңда Жеңістің 75 жылдық бейбіт көктемін қарсы алған кейуана майдангеріміздің бір ғана арман - тілегі елінің тыныштығы, ұрпағының амандығы. Ал, бүгінгі ұрпақтың парызы - күн санап қатары сиреп бара жатқан батырларымызды құрметтеу, дәріптеу.
 
 2022 жылдың  21 ақпанында Зенькина Рашида Исмагиловна өмірден озды.
Әдебиеттер тізімі:
1.Зенькина Рашида Исмагиловна: Қазанама // Балқаш өңірі. – 2022. – 23 ақпан (№14). – 6 б.


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика