"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Плесин Семен Сергеевич

Просмотров: 8

    Семен Сергеевич Плесин 1926 жылы 15 ақпанда Украинаның Сумск облысы Ямпольск ауданы Степное ауылында дүниеге келген.  1943 жылдың маусым айында майданға шақырылып, Балтық жағалауы майданында 122 - ші атқыштар полкінің құрамында соғысып, бірнеше латыш қалаларын фашистік басқыншылардан азат етуге қатысады. Семен Сергеевич  Жеңіс Күнін  Балтық өңірінде қарсы алды.
    Соғыстан кейін Семен Сергеевич  Запорожье алюминий зауытында жұмыс істеп, құрылысшы – монтажшы мамандығын игереді. 1953 жылы Балқаш қаласына қоныс аударып, осы өңірде зейнеткерлікке шыққанға дейін «Казцветремонт» кәсіпорнында жұмыс істеді. 
    Майданда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Семен Сергеевич 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды.
    Семен Сергеевич Плесин 2019 жылы мамыр айында өмірден өтті.

Әдебиет тізімі:

1.Айбынды ардагер // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 мамыр (№49-50). – 3 б.

2.Маратұлы, Н. Ардагерлерге құрмет / Н.Маратұлы  //  Балқаш өңірі. – 2016. – 13 мамыр (№53). – 3 б.

3.Айтқазықызы, Ф. Ұрпақ мәңгі тағзым етеді алдыңда / Ф.Айтқазықызы // Балқаш өңірі. – 2017. – 5 мамыр (№49-50). – 3 б.

4.Сәбетұлы, Қ. Ардагерлер ардақталды / Қ.Сәбетұлы // Балқаш өңірі. – 2017. – 12 мамыр (№51-52). – 1 б.

5.Мақсұтұлы, Қ. Соғыс ардагерлеріне құрмет / Қ.Мақсұтұлы  // Пульс. -2017. - 12 мая (№19). - С. 2

6.Күземханов, М.  Ардагерлерге сый-құрмет / М.Күземханов  // Балқаш өңірі. – 2018. - 14 мамыр (№55-56). - 3 б.

7.Базылхан, А. Жеңісті жақындатқан жауынгер  / А.Базылхан  // Балқаш өңірі. – 2018. – 4 мамыр (№43-44). – 2 б.

 

 

 


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика