Семен Сергеевич Плесин 1926 жылы 15 ақпанда Украинаның Сумск облысы Ямпольск ауданы Степное ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың маусым айында майданға шақырылып, Балтық жағалауы майданында 122 - ші атқыштар полкінің құрамында соғысып, бірнеше латыш қалаларын фашистік басқыншылардан азат етуге қатысады. Семен Сергеевич Жеңіс Күнін Балтық өңірінде қарсы алды.
Соғыстан кейін Семен Сергеевич Запорожье алюминий зауытында жұмыс істеп, құрылысшы – монтажшы мамандығын игереді. 1953 жылы Балқаш қаласына қоныс аударып, осы өңірде зейнеткерлікке шыққанға дейін «Казцветремонт» кәсіпорнында жұмыс істеді.
Майданда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Семен Сергеевич 2-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Семен Сергеевич Плесин 2019 жылы мамыр айында өмірден өтті.
Әдебиет тізімі:
1.Айбынды ардагер // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 мамыр (№49-50). – 3 б.
2.Маратұлы, Н. Ардагерлерге құрмет / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2016. – 13 мамыр (№53). – 3 б.
5.Мақсұтұлы, Қ. Соғыс ардагерлеріне құрмет / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. -2017. - 12 мая (№19). - С. 2