"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Мұқажан Жүкенұлы Омаров

     Мұқажан Жүкенұлы Омаров 1925 жылы 1 мамырда Ақтоғай ауданының Өндіріс колхозында дүниеге келген. 1943 жылы 6 сәуірде Мұқажан Жүкенұлы майданға шақырылып, Қиыр Шығысқа қызмет етуге жіберілді.Жапон милитаристеріне қарсы ұрыстарға қатысып, нағыз ерлік көрсеткен.
    Әскери қызметін аяқтап, 1948 жылдың 20 қарашасында туған ауылына оралды.1952 жылы Балқаш қаласына көшіп келді. Соғыстан кейінгі жылдары Мұқажан Жүкенұлы Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының мыс электролиз цехында, «Прибалхашстрой» тресінде жүргізуші, сонымен қатар қалалық білім бөлімінде еңбек етті.
    Майданда көрсеткен ерлігі үшін Мұқажан Жүкенұлы 2 дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерейтойлық медалімен, «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерейтойлық және Жуков медальдерімен марапатталды.

Әдебиет тізімі:

1.Сексеннің сеңгірегіне шыққан қарт // Балқаш өңірі. – 2003. – 9 мамыр (№36). – 2 б.

2.Сұрапыл соғыс күәсі // Балқаш өңірі. – 2016. – 6 мамыр (№ 49-50). – 3 б.

3.Маратұлы, Н. Ардагерлерге құрмет / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2016. – 13  мамыр (№53). – 3 б.

4.Айтқазықызы, Ф. Ұрпақ мәңгі тағзым етеді алдыңда  / Ф.Айтқазықызы  // Балқаш өңірі. – 2017. - 5 мамыр (№49-50). - 3 б.

5.Мақсұтұлы, Қ. Соғыс ардагерлеріне құрмет! / Қ.Мақсұтұлы  // Пульс. - 2017. –  12 мая (№19). - С. 2

6.Сәбетұлы, Қ.  Ардагерлер ардақталды / Қ.Сәбетұлы // Балқаш өңірі. – 2017. – 12 мамыр (№ 51-52). – 1 б.

7.Базылхан, А. Жеңісті жақындатқан жауынгер  / А.Базылхан  // Балқаш өңірі. – 2018. – 4 мамыр (№43-44). – 2 б.

8.Базылхан, А. Ұлы отан соғысы ардагерлерін құттықтады / А.Базылхан  // Балқаш өңірі. – 2019. – 4 қыркүйек (№ 65-66). – 7 б.

9.Базылхан, А. Төрдегі төрт ардагер / А.Базылхан // Балқаш өңірі. - 2019. – 8 мамыр (№ 34). – 3 б.

10.Базылхан, А. Құрмет көрсетті / А.Базылхан // Балқаш өңірі. – 2019. – 20 желтоқсан (№96). – 2 б.

 

 


Дата редактирования: 28 Мамыр 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика