"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кочетова Клавдия Романовна

Просмотров: 998

     Клавдия Романовна Кочетова 25 қазан 1921 жылы Алтай өлкесінде көпбалалы Огорковтар әулиетінде дүниеге келген. 1942 жылдың маусым айында әскерге шақырылды. Азбука Морзені жақсы меңгеріп және таратқышпен тәуір жұмыс істей білгендіктен, оны 14-ші ВВС майдандық байланыс торабына, Қиыр Шығыс майданына радистка қызметін атқаруға жіберілді. Мұнда ол қарудан атуды үйренді, қарауылда тұрды, радист ретінде барлық қажетті ақпаратты жіберді. Соғыс қимылдарына қатыспағанмен, әскери қызметін 1945 жылдың маусымына дейін абыроймен атқарды.
    Соғыстан кейін К. Кочетова Львов қаласында болашақ күйеуімен танысып, 1949 жылы ұлы Александр дүниеге келді.  Отбасы Львовтен Оралға, кейін Қазақстанға көшті, 1968 жылы біздің қалаға келді. Клавдия Романовна ұзақ жылдар бойы тау-кен металлургиялық комбинатында ОӘК механикалық цехында көп жылдар бойы еңбек сіңіргеннен кейін, сол жерден демалысқа шықты.
      Ұлы Отан соғысы ардагерінің Жауынгерлік даңқының жарқын куәлігі – ол  Отан соғысы ордені, Маршал Жуков медалі және Жеңіс пен КСРО Қарулы Күштерінің құрметіне арналған мерейтойлық медальдарымен марапатталуы.
     Кочетова Клавдия Романовна 2019 жылғы шілде айында 98 жасында өмірден өтті.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Тарихымыздың жанды дауыстары  //  Пульс . - 2010. - 12 наурыз (№11). -1 б.
  2. Байланысшы батыр қыз // балқаш өңірі. - 2016. - 6 мамыр (№49-50).- 3 б
  3. Маратұлы, Н.  Ардагерлерге құрмет / Н.Маратұлы  //  Балқаш өңірі. - 2016. -13 мамыр (№ 51-52). - 3 б.
  4. Базылхан, А. Жеңісті жақындатқан жауынгерлер / А.Базылхан  // Балқаш өңірі. - 2018. - 4мамыр (№43- 44). - 2б.
  5. Айтқазықызы, Ф. Ардагерлерді құттықтады  /  Ф.Айтқазықызы // Балқаш өңірі. - 2018. - 11 мамыр (№45-46). – 2б.
  6. Кочетова Клавдия Романовна: Қазанама // Балқаш өңірі. – 2019. – 24 шілде (№54). - 7 б.

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика