"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Задорожный Михаил Игнатьевич

Просмотров: 1021

     Задорожный Михаил  Игнатьевич  1920 жылы 1 тамыз күні Порфировка селосында (қазіргі - Украинадағы Кировоград облысы Долинский ауданы) туған. 1938 жылы Аскании-Нове селосындағы мектептің 7 сыныбын бітіріп, соңынан аудандық қаржы бөлімінде инспектор болып істейді. 
     1940 жылдың тамыз айында Задорожный  Армия қатарына қызмет атқаруға шақырылады да, 1941 жылы қыркүйек айында Краснодар зениттік-артиллериялық училищенің  жеделдетілген курсын бітіріп, сол жылдың  желтоқсан айында минометты батареяның командирлерін қайта дайындайтын курстан өтеді. 1942 жылдың сәуір айынан бастап – Ұлы Отан соғысының майданына қатыса бастайды. Орлов облысында болған  ұрыстар мен Воронеж – Касторненский операцияларына, Курск шайқасына, Днепр үшін болған  айқасқа, Белоруссия мен Польшаны жау басқыншыларынан азат етуге қатысады. 1944 жылдың 4 шілдесі күні  жарақат алады. 1945 жылдың сәуір айына қарай Михаил Задорожный Белорус майданындағы тұтқиылдан шабуыл жасаушы 4-ші артиллериялық корпустың 139-шы миномёттық полкындағы 1-ші минометтық бригадасының дивизионына басшылық жасады.  Берлинді алу операциясында ерекше көзге түседі.
     1945 жылдың 16 сәуірі күні басқыншы немістердің астанасына жақын жерде біздің солдаттар  жаудың қатты қарсылығына тап болып, ілгері жылжи алмай қалған кезде, Задорожный өзінің алған жарақатына қарамастан, жаудың екі пулеметын жоюды ұйымдастырып, атқыштар бөлімінің жау тылына қарай алға жылжуына мүмкіндік береді.  21 сәуір күні Задорожныйдың дивизионы  Берлиннің түбінде орналасқан  Рейниккендорф  қаласын алу кезінде  3 пулемёт, 4 танкіге қарсы құрал-жабдықтардың көзін жояды. Задорожный 23 сәуір күні бір топ барлаушылармен бірге Берлиннің іргесінде орналасқан Панков қаласының ең биік ғимаратының төбесіне Қызыл Ту тігеді. 
     КСРО  Жоғарғы Кеңесінің Президиумының 1946 жыл 15 мамырдағы Жарлығымен М.Задорожный неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін, 6797 нөмірімен белгіленген  Ленин ордені және Алтын Жұлдыз медальын төсіне тағып, ең жоғары атақ Кеңес Одағының Батыры атаған алды. Екі Ленин, Қызыл Ту, 1-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысының екі ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.  
    Задорожный соғыс аяқталғаннан кейін де 1949 жылға дейін Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. 1949 жылы Ленинград  қаласындағы Жоғары офицерлік артиллериялық мектебін бітіріп, Түркістан әскери аймағында қызмет етеді. М.Задорожныйды Балқаш қаласына жұмысқа осы аймақтан жібереді, ол Балқаш қаласында 1961-1965 жылдары әскери комиссар болып қызмет атқарған. 1972 жылы М.Задорожный полковник лауазымында қосалқы қорда тұру  есебімен әскери қызметінен босатылады. 
     Соңғы жылдары  Украинаның  Днепропетровск қаласындағы «Вторчермет»  бірлестігінде  кадрлар бөлімінің бастығы болып істеді.
  Задорожный Михаил Игнатьевич  2004 жылы өмірден озды. 2005 жылы Днепропетровск қаласындағы Осенней көшесінде орналасқан Ерлік аллеясында Кеңес Одағының Батыры М.И.Задорожныйдың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды.
 
 

Дата редактирования: 20 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика