"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Кузнецов Григорий Матвеевич

Просмотров: 1082

     Кузнецов Григорий Матвеевич 1913 жылы 14 қазан күні Горький облысы Починки селосында (қазіргі Нижегород облысы) дүниеге келген. Совхозда ағаш ұстасы, содан кейін  Горький атындағы авто зауытта, совхозда бригадир болып жұмыс істеп,  1939-1940 жылдары Финдермен болған соғысқа қатысады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты қайтадан әскер қатарына шақырылып, алғашқы кезде санитар – нұсқаушы болып қызмет атқарып, майдан даласынан жеке өзі 134 жаралы жауынгерді алып шыққан, Курск шайқасына да қатысқан.
     Гвардия аға сержанты Г.Кузнецов 1943 жылдың қыркүйек айынан бастап, Воронеж майданының 3-ші гвардиялық танкті әскерінің 7-ші барлаушы батальонының 8-ші гвардиялық бөліміне басшылық етті. Ол 1943 жылы 22 қыркүйекке қараған түні Украин КСР-ның  Черкасск облысының Канев ауданында жау оғының астында, екі автоматшымен бірге Днепрді кесіп өтеді.  Алғашқылардың бірі болып  Киев қаласының оңтүстігін орай,  Днепрдің сол жақ  жағалауына бекініп, өзінің өжеттігі мен батылдығының арқасында барлау жүргізіп, жау әскері туралы мәліметті  рация бойынша беріп отырады да, өзі бекінген плацдармды негізгі күш келгенше ұстап тұрады.
     1943 жылдың 23 қазаны күні гвардия аға сержант Г.М.Кузнецов 3507 нөмірімен белгіленген Алтын Жұлдыз бен Ленин орденін кеудесіне тағып, Совет Одағы Батырының атағын алды. Г.Кузнецов сонымен бірге бірнеше медальдармен марапатталған.
1943 жылдың қараша айында ол ауыр жараланып, госпитальдағы  ұзақ емделуден кейін, 1944 жылы қосалқы қор есебінде тұру шартымен әскери қызметтен босатылады.
     Г.Кузнецов  1963 жылы 26 желтоқсан күні Горьков облысы Красные Баки кентінен  (қазір Нижегород облысы) Балқаш қаласына қоныс аударып келеді. Ол көшіп келген соң ведомостводан тыс күзет қызметінде және азаматтық қорғаныс штабында жұмыс істейді. Бүкілодақтық дәрежедегі зейнеткер болды. 1969 жылы Балқаш қаласынан Горький облысына (қазір Нижегород облысы) қайта көшіп кетеді.
     Кузнецов Григорий Матвеевич 1977 жылы Горький қаласында (қазір Нижний Новгород қаласы) өмірден озды. 


Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика