"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Қошқарбаев Рақымжан

Просмотров: 65

 

     Қошқарбаев Рақымжан (19.10.1924, Ақмола обл. Целиноград ауд. - 10.8.1988, Алматы  қ.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, взвод командирі, лейтенант. Қазақ. 1942 ж. Кеңес әскері қатарына алынып, 1944 ж. Фрунзе (қазіргі Бішкек к.) жаяу әскер училищесін бітірді. 1944 жылдың қазан айынан 1-Беларусь майданы 150-атқыштар дивизия- сының құрамында Польшаны азат ету және фашистік Германия әскерлерін талқандау ұрыстарына қатысты. Берлин операциясы кезінде Қошқарбаев ерекше ерлік көрсетті. 1945 ж. 30 сәуірде жауынгер Г.Булатов екеуі күндізгі сағат оннан кешкі алтыға дейін 360 м қашықтыққа еңбектеп жетіп, ені мен ұзындығы 1 метрдей Қызыл туды Рейхстагтың кіре берісіндегі орталық есігінің маңдайшасына тікті.
     Жазушы В.Субботиннің «Правда» газетіне «Олар Жеңіс туын қадады» очеркі жарияланды. Жазушы Б.Горбатов: «Литературная газетаның» 1948 ж. 18 желтоқсанда жарық көрген мақаласында «Қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев менің көз алдымда Рейхстагқа советтік алқызыл туды тікті. Жалын атқан өрт ішінде, ажал аузында жүріп, сұрапыл ерлік көрсетті. Рақымжанның айбатынан ажал да қаймығып, атылған оқ та қайысты. Сол айбат, сол қайрат, өмірге деген құштарлық, ел-жұртына деген сүйіспеншілік жаудың желкесін үзді. Қандыбалақ жау ұясының үстінде Жеңіс туын тіккізді», - деп жазды.
     Қазақ жазушылары К.Қазыбаев, М.Әлімбаев батыр жайлы шығармаларын жазды. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба (Лаба) бойындағы кеңестік оккупациялық әскери бөлімнің құрамында болды. 1947-67 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметтерін атқарды.
     ҚР Президентінің Жарлығымен Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді (7.5.1999). Қошқарбаевтың  есімі Астана, Алматы қалаларындағы көшелерге берілген. 2010 ж. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Мәскеуден Астанаға батырдың Рейхстагқа тіккен туы әкелінді. Ол Астанадағы Президент қорында сақтаулы. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер тізімі:

1. Сардарбеков, К. Хас батыр, бауырмал жан / Сардарбеков К // Балқаш өңірі. – 1985. – 21 қараша.
2. Жанаев, Ж. Ту тіккен / Ж.Жанаев // Егемен Қазақстан. – 2004. – 19 қараша(№89). – 3 б.
3. Балқаш. Тарих беттері: құжаттар мен материалдар жинағы (1936-2007 жылдар) / Құрас.: Жаксенова Н.Т., Исабекова А.Б., Сәкенова Р.Д. – Қарағанды: «Арқа және К», 2007. – 215 б.
4. Атаулы күндер күнтізбесінен: Рахымжан Қошқарбаев атындағы №4 лицейдің архивтен табылған құжаты туралы // Балқаш өңірі. – 2010. – 6 қазан(№119). – 8 бет.
5. Амангелдіқызы, А. Халық қаһарманымен болған кездесу: Рахымжан Қошқарбаев туралы / Амангелдіқызы А // Орталық Қазақстан. – 2011. – 2 маусым. – 4 бет.
6. Құл-Мұқаммед, М.   Жаужүрек / М.Құл-Мұқаммед // Егемен Қазақстан. – 2014. – 9 қараша(№197). – 5-6 б. –(№198). – 5-6 б.
7. Кенжалин, Д. Рейхстагқа ту тіккен / Д.Кенжалин // Егемен Қазақстан. – 2016. – 12 мамыр(№89). – 3 б.
8. Батырхан, Т. Ерлікті ұлықтаған ел / Т.Батырхан // Егемен Қазақстан. – 2016. – 20 қазан(№201). – 1,10 б.


Дата редактирования: 02 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика