"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Калмыков Николай Павлович

Просмотров: 1126

 

       1920 жылы 19 желтоқсанда Нижегородск облысында шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы 4 сыныптық ауыл мектебін бітіріп, 1940 жылы әскер қатарына шақырғанға дейін жергілікті колхозда жұмыс жасады. 
     Әскери борышын  Қиыр Шығыста өткізді, 1941 жылы сол жерден қиыршығыс- жауынгерлерін Мәскеу қаласына жіберді. Онда, мемлекеттің астанасын қорғап, жас жауынгер жауынгерлік ұрысқа бірінші рет қатысты. Кейінірек Батыс, Орталық және 1-ші Белорус майдандарында соғыс ұрыстарына қатысты.  
     1944 жылғы 28 маусымдағы шайқаста  Белоруссия мемлекетінің Подречье ауылында, сержант Калмыков өз командасына бұйрық бере отырып, 10 жау солдаттары мен оқ-дәрілері бар көлікті жойған.  30 маусым күні Могилев облысындағы Свислочь ауылының маңында  болған ұрыста, қарсыластардың қоршауындағы жауды жоюда  Н.П.Калмыковтың   қару есебі бойынша  тура нысаналап атқан отпен  жаудың  көптеген жауынгерлерін қырды.
     1944 жылғы 9 шілдедегі 413-ші атқыштар дивизиясының Бұйрығымен  Калмыков Николай Павлович  3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.
     1945 жылғы 24-25 қаңтар айында  зеңбірек командирі Н.П.Калмыков Бромберг қаласында (қазіргі Быдгощ (Польша), өзінің жеке қаруынан  жаудың 5 солдатының көздерін жойды, ол жарақаты бола тұра шайқас алаңынан кеткен жоқ.
1-ші Белорус артиллерия қолбасшының бұйрығымен 1945 жылы 26 ақпанда Николай Павлович Калмыков қайта 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.  
     1945 жылғы 16 сәуірдегі айқас барысында зеңбірек нысанашы Н.П.Калмыков Одер өзенінің сол жақ жағалауында, Гольцов (Польша) елді мекеннің ауданында артиллериялық ату кезінде қарсыластардың отты нүктелеріне оқ жаудырып, 2 дзоталарды  және жаудың 10 солдатын жойып, біздің жаяу әскердің жылжуына жол ашып береді.
     1945 жылғы 16 маусымдағы 1-ші Белорус майданы әскерлерінің бұйрығымен Н.П.  Калмыков 2-ші дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталды
Берлиндегі операция кезіндегі орталық су бөгеттерінің қалыптасуы  болды. Одер өзенінің бетонды жағалаулары, маршал Жуковтың ойынша, мұндай жағалауды жаулап алу өте қиын болған. Бірақ біздің жерлесіміз бәрінен ерекшеленді. 
     1941 жылдан 1946 жылға дейін ол қызмет еткен 278 танкіге қарсы жойғыш полкінің жауынгерлік бұйрығымен, атап өтілді: жаудың отты нүктелерін жойғаны үшін, совет әскеріне рейхстагқа қарай жылжуына мүмкіндік туғызғаны үшін. Міне аға сержант Калмыков – соғысты осылай аяқтаған.
     1963 жылдың  23 наурызында КСРО  Жоғарғы  Кеңес Президиумының Жарлығымен 3-ші дәрежелі Даңқ ордені бойынша.
     1945 жыл ақпанның 26 жұлдызында 1-ші дәрежелі Даңқ орденіне  қайтып марапатталды.  
     Н. Калмыков Даңқ орденінің толық кавалері болды. 
     Николай Павловичте мұндай  оқиғаның  екеуі тіркелді. Біреуі Даңқымен, ал екіншісі 1973 жылы Қызыл жұлдыз әскери орденімен марапатталды. Бұл орден де соғыс жылдары       Днепрде ерлік көрсеткені үшін берілген.
     Ол сонымен қатар, "Берлинді алғаны үшін",  "Варшаваны азат еткені үшін" және  "Германияны жеңгені үшін"  ордендерімен марапатталған.
      1945 жылдың мамыр айында гвардия старшинасы Н.П. Калмыков әскерден босатылады. 1955 жылдан бастап Балқаш қаласына отбасымен бірге көшіп келеді.
     Түсті металдар өңдеу зауытына келіп, мұнда ол бірінші  цехта мыс балқытушылардың арасында хас шебері болды. Зейнет жасына дейін осы зауытта жұмыс жасады.    
     Соңғы жылдары ол ауырып алысқа жүре алмай, үйінің алдында мүмкіндігінше көбірек отыруға тырысатын.  Мен оны бірнеше рет көріп, амамандасуға барғанымда: ол өте қатты риза болып, оны ұмытпағанына қуанатынды. Ол сол кездері көп оқитын. Соғыс туралы кітаптардың барлығын оқыды десекте болады. Олардың ішінде 12-томдық  символдық атпен аталған: «Венок Славы» кітабы да бар. 
     2004 жылдың 13 қаңтарында өмірден өтті.
     Николай Павлович Калмыков – «Балқаш қаласының құрметті азаматы».
     Нижгородск облысының, Шахунья қаласындағы Даңқ аллеясына біздің жерлесімізге ескерткіш тақтасы қойылған.
      Балқаш қаласындағы Қазыбекова көшесінде №4 өзі өмір сүрген үйге мемориалдық тақта қойылған. Балқаш қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 24 ақпанындағы  № 28/219 шешімімен Спортивный тұйық көшесіне Н. Калмыков аты берілді. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Мұстафин С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк. - Балқаш, 2000. – 40-41б.
2. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.- 438 б.                                         
3. Батырдың есімі // Балқаш өңірі. – 2009. – 13 қараша.- 1 б.
4. Аманкелдіқызы, Д. Ер есімі – ел есінде // Балқаш өңірі. – 2016.- 13 мамыр. – 4б.

     


Дата редактирования: 19 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика