"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Үйде жалғыз қалғанда, Сіз ...?

Құлмышева Зинаида Садыққызы

Просмотров: 10

     Құлмышева Зинаида Садыққызы  1940 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық институтының физика – математика факультетін бітіргеннен кейін, №5 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Соңынан №47 орта мектептің директорының орынбасары, қалалық білім беру бөлімінің  инспекторы болып қызмет жасады. Бес жыл бойы №23 орта мектептің директоры болып еңбек етті.
      Зинаида Садыққызы – Қазақстан Республикасының құрметті ұстазы, білім беру саласының ардагері. Бұл ұстаздың 55 жылғы еңбек өтілі Балқаш қаласының білім беру саласымен тығыз байланысты. Осы еңбек жолын Зинаида Садыққызы дарынды педагог және тәжірибесі мол басшы ретінде жүріп өтті. Бұл ұстаз қандай қызметте болса да, оған үлкен жауапкершілікпен қарап, алға қойған мақсатына жетуге бар күшін салатын, үлкен жүректі жігер иесі болды.   
Қызмет істеген кездерінде, ол өзін жоғары білікті, нағыз кәсіби шебер ұстаз, кең өрісті білімпаз жан ретінде көрсете білді. Алыста қалған 1990 жылдары З.Садыққызына, қалада ашылған бірінші гимназияның педагогикалық ұжымын басқару ұсынылды.
З.Садыққызының білгір басшылығының арқасында, қалалық гимназия  жоғары жетістіктерге жетіп, білімді балалардың  көптеп шығуына ықпал етті. Гимназия көп жылдар бойы «Ең үздік мектеп» атағын қолынан түсірген жоқ.
    Қалалық білім беру бөліміне сіңген еңбегі мен балаларды тәрбиелеудегі қосқан үлесі үшін, З.С.Құлмышева қалалық білім бөлімінің, облыстық білім беру Департаментінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен  және «Ы.Алтынсарин», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері»   төс белгілерімен, « Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалымен марапатталды.
      Құлмышева Зинаида Садыққызы 2015 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Құлмышева, З. Қанаттарың талмасын, түлектер / З.Құлмышева // Балқаш өңірі. – 1994. – 21 маусым(№43). – 5б.
2. Төкенқызы, А. Жыл сайын жаңа сарын / А.Төкенқызы // Балқаш өңірі. – 1998. – 22 сәуір(№31). – 3б.
3. Кәукербекұлы, С. Балқашым – менің қалам / С.Кәукербекұлы // Мысты өңір. – 2007. – 20 шілде(№38). – 1б.
4. Жұматова, З. Ақ жүрегі болды балаларға сая бақ / З.Жұматова // Балқаш өңірі. – 2010. – 27 қаңтар(№8). – 5б.
5. Құлмышева Зинаида Садыққызы. Қазанама // Балқаш өңірі. – 2015. – 23 желтоқсан(№103). – 4б.        


Дата редактирования: 04 Желтоқсан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика