"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

ТБД «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке»

 

Төлеутаев К.Балқаш аймағының ән мұрасы

 

Музыка зерттеуші Келгенбай Төлеутаевтың бұл жинағына енген көп жанрлы халық әндері 1968 жылдан 1980 жылға дейінгі Балқаш аймағында зерттеу негізінде халық арасында бұрын соңды таралмаған,нотаға түсіріліп зерттелмеген 132 ән жинағы жинақталған.

 

 

 



Төлеутаев К. Айтжүргін

 

Бұл жинаққа К.Төлеутаевтың Наурыз меркесіндегі қазақтың ұлттық дәстүрдегі ойындары мен орындалатын музыкалық шығармалары енген.

 

 

 

 

 


 

Ж.Башар.Шандоз

 

Журналист,қаламгер Ж.Башардың бұл еңбегі

Үш жүздің ақындары жарысқанда,

Салмақтап тіл өнерін салысқанда,

Жырауға жүлде беріп көргенім жоқ,

Қадаймын жыр найзасын алысқанға,- деп қазақ даласын дүбірге бөлеп өткен,алмас тілді ақынның бірі -Шашубай Қошқарбайұлына  арналады.

 

 

 

 

 

 


О.Жүнісұлы. Жұлдыздар із тастап ағады

 

Журналист Хабылбек (Оралбек) Жүнісұлы 1954 жылы Ақтоғай ауданы,Шабанбай ауданы, Шабанбай би ауылында дүниеге келген. Журналистік еңбек жолын 1974 жылы Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде тілшіліктен бастаған. Бұл күнде Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі. ҚР журналистер Одағының арнайы дипломымен марпатталған.Облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері. ҚР журналистер Одағының мүшесі.

 

 

 

 

 



Ж.Башар.Көкше көлдің самалы

 

Жанболат Башардың бұл жинағына оның соңғы жылдары жазған  адал достық,мөлдір махаббат, адамгершілікті  толғайтын лирикалық өлеңдері мен балладалары енген.

 

 

 

 

 

 


 

А.Әбілқайырқызы.Кенді өлкенің тынысы

 

 Асыл  Әбілқайырқызы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 1955 жылы дүниеге келген. Журналистік еңбек жолын 1975 жылы Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінен бастаған. Аймақтық «Мысты өңір» газетінің меншікті тілшісі. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі.

 

 

 

 

 

 



 

Оралбек Жүнісұлы. Қыстың ұзақ таңы атты

 

Оралбек Жүнісұлының  кітабының кейіпкерлері Балқаш-Ақтоғай аймағындағы адамдардың кешелі-бүгінгі еңбегі,тыныс -тіршілігі баяндалады.

 

 

 

 

 

 



 

 

Оралбек Жүнісұлы. Сағынатын күн туар

 

Оралбек Жүнісұлының  бұл жинағына әр жылдары жазған очерк,мақала,сұхбат,суреттемелері іріктеліп алынған.

 

 

 

 

 



Оралбек Жүнісұлы. Алтын аймақтың адамдары

 

Оралбек Жүнісұлының  кейіпкерлері Балқаш,Ақтоғай ауданының тұрғындары. Ол өзінің осы шағын еңбегін мысты қаланың 70 жылдық мерейтойына арнап отыр.

 

 

 

 

 

 


 

Оралбек Жүнісұлы. Мені есіңе ала жүр

 

Журналист О.Жүнісұлының бұл жинағы жеке адамдардың,ұжымдардың тыныс-тіршілігін,игілікті әрекетін шұрайлы тілмен оқырмандарға паш етеді.

 

 

 

 

 


 

 

Жақсырақым Ғалиев. Әңгімелер,өлеңдер, лебіздер

 

Кітапқа Балқаш өңіріне ХVІІІ - ғасырдың І-ші жартысынан бастап орныққан Дадан Тобықтының шежіресі мен әңгімелер мен өлеңдер топтастырылған.

 

 

 

 



 

Қойшыманов Т. Жарқын ойлы жандар

 

Кітапта Балқаш,Қоңырат мыс алыбының  еңбегімен атағы шыққан,абырой мен даңққа бөленген адамдары туралы ,өндірістің басшылары, Балқаш,Қоңырат,Гүлшат шежірелері қамтылған.

 

 

 

 

 




Қойшыманов Т. Тынымсыз жандар

 

Т.Қойшымановтың "Тынымсыз жандар" атты шығармасы құқық қызметкерлерінің қажырлы еңбегіне арналған. Шығарманың оқиғасы қызықты, оқуға жеңіл.

 

 

 

 

 

 



 

 

Қойшыманов Т. Қоңырат бөктерінде

 

Қоңырат бөктерінде» Тұғырұл Қойшымановтың екінші кітабы. Бірнеше очерктерден туратын бұл жинақта автор әйгілі Қоңыраттың ашылу тарихын, оның алғашқы кеншілерінің өмірін қызықты да, тартымды етіп суреттейді.

 

 

 

 

 



 

Қойшыманов Т. Молибден туралы шындық

 

Бұл кітапқа "Балқашмыс" өндірістік бірлестігіне қарасты Шығыс Қоңырат молибден кенішінің ашылуы,игерілуі,молибден өндірудегі кеніш ерлерінің жанқиярлық істері автордың өзі - есім арқылы әсерлі әңгімеленеді.

 

 

 

 

 

 


 

  

 

Қойшыманов Т. Ар алдындағы айқас

 

Повесть барысы тыныштық күзетіндегі еңбегі жанған қызметкерлердің өмірі арқау болған.

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

О. Жүнісұлы. Алма ағашы гүлдегенде

 

Журналист О.Жүнісұлы өзінің жетінші кітабында елу жылдай өздерінің білім беру ісіне арнаған Қабыл Байдағұлов пен Бәдиша Махатованың өскен ортасы, ұрпақ тәрбиесіндегі,білім берудегі іс-тәжірибесі жайлы көркем тілмен сипатталған.

 

 

 

 

 

 



 

Оралбек. Жүнісұлы. Шаңқай түс

 

Журналист О.Жүнісұлы төртінші кітабында жаңа заман талабына сай кәсіпкерлікпен шұғылданып, жүк тасымалдау кәсіпорынының бүгінде тынысын кеңейтіп отырған іскер азамат туралы сипатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 09 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика