Арзымбетов Марат Адамбайұлы 1946 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Металлургтер отбасында дүниеге келген Марат Адамбайұлы Абай атындағы №2 орта мектепті тәмамдап, ерте жастан еңбекке араласады. 1963 жылы Балқаш кен металлургия комбинатының автокөлік базасына слесарь болып жұмысқа орналасады. Осы жерден 1966 жылы Кеңес әскерінің қатарында Жапон Қиыр Шығысы теңіз флотында әскери борышын өтеп, 1970 жылы елге оралады. Әскерден оралысымен мыс қорыту зауытына жұмысқа кіреді. Металлургтердің жұмысына белсене араласа келе осы саланы меңгеруге бет бұрып қырық жыл бойы өмірін осы салаға арнаған. Арзымбетов Марат өзінің табандылығымен, еңбексүйгіштігінің арқасында зор құрметке бөленді. 1984 жылы «СССР-дің Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Өз қызметінде мақтаулы металлург Құрмет тақтасына ілініп, зауыт құрметтілерінің қатарынан тұрақты орын алды. Марат Адамбайұлы жас мамандарға ақыл-кеңес айтумен қатар тәлімгер ұстаз да болды.
Марат Адамбайұлы еңбек зейнетіне шықса да қаламыздың қоғамдық жұмыстарына белсене араласты. «Қазақмыс» корпорациясының Балқаш өңіріндегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде бес жыл игілікті істерді атқарған.
Арзымбетов Марат Адамбайұлы 2016 жылы дүниеден озды.