"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Бекмағамбетов Көпбосын Мұсадықұлы

Просмотров: 1354

Бекмағамбетов Көпбосын (Көбен) Мұсадықұлы 1945 жылы 23 қаңтарда Тасарал ауылында, балықшылар отбасында дүниеге келген. 1952-1958 жылдары ауылдық мектептен кейін Балқаш  қаласындағы №2  Абай атындағы мектепте оқуды жалғастырып, 1961 жылы бітіреді. Мектепті аяқтағаннан кейін бір жыл балықшы болып жұмыс істеп, 1962 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына  дәрігер-эпидемиолог мамандығы бойынша оқуға түсті. 1968 жылы оқуын бітіріп Балқаш қаласына жолдамамен қызметке  келді. Балқашта қалалық дезинфекциялық станцияның бөлім меңгерушісі, бас дәрігері болып қызметте жүріп, 1972 жылы Балқаш қалалық санэпидбақылау станциясына эпидемиялогиялық бөлім меңгерушісі лауазымына ауысты. 1977 жылы Жезқазған облысының Приозёрный аудандық санэпидстанциясының бас дәрігері болып тағайындалып, жаңа аудан мекемесін құрған. Кейін Балқаш санэпидстанциясында еңбегін қайтадан жалғастырды. 1991 жылы баламалы жолмен Балқаш қалалық медицина қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағалығына тағайындалып, 1999 жылдарға дейін қызметін атқарды. Қызметінің соңғы жылдары Балқаш санитарлық бақылау мекемесінде мамандығы бойынша 49  жыл еңбек етті. Мамандығы I дәрежелі дәрігер-эпидемиолог. Қызмет бабында Қарағанды, Алматы, Москва қалаларында іссапарда болып,  білімін жоғарылатады. Ұзақ еңбек жолында туляремия, холера, сүзек т.б. аса-қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. Сондай-ақ, қоғамдық шаралардан тыс қалған емес. Комсомол, партия, кәсіподақ ұйымдарына жетекшілік етіп, құрметті еңбек демалысына қарамастан қалалық Ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі және Ардагерлер  көркемөнерпаздар  үйірмесінің мүшесі болды. Мәдени-әдеби ортада жүріп жыр жазып, 2001 жылы  «Сағыныш сазы» атты жыр жинағы жарық көрді. Қалалық «Қаламгер» қоғамдық бірлестігін құрып, 10 жыл сол бірлестіктің  төрағалық  қызметін атқарды. «Балқаш ақындарының антологиясы», «Балқаш мақтаныштары» кітаптарына есімі енген. Қазақстан Республикасы «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

 


Дата редактирования: 15 Ақпан 2025

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика