"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Каукербек Совет Каукербекұлы

     1939 жылы 25 маусым күні Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы, Ақтоғай селосының «Өндіріс» колхозының Қасабай атты қыстағында дүниеге келген.

Ол 1947 жылы Ақтоғай селосындағы № 1 М.Горький атындағы орта мектепке оқуға барып, оны 1957 жылы бітіріп шығады. Балқаш қаласына келіп №2 техникалық училищеге түсіп, оны бітірген соң 1959 жылы «Казэлектромонтаж» мекемесіне электрослесарь болып жұмысқа түседі.

1960 жылы Қарағанды қаласындағы мұғалімдер институтының тарих факультетіне сырттай оқуға түсіп, оны 1966 жылы бітіреді.

1962 жылы №2 Абай атындағы орта мектепте еңбек сабағының, кейін тарих және қоғам тану пәндерінің мұғалімі болады.

1968-1975 жылдары Балқаш қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы Жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы, Жезқазған облыстық партия комитетінің саяси оқу үйінің меңгерушісінің орынбасары, қалалық партия комитеті мен Балқаш тау-кен комбинатының партия комитетінде қызмет атқарған.

1976-1988 ж.ж. түсті металдар өңдеу мен мыс балқыту зауыттарында (ЗОЦМ,БМЗ) және тау-кен комбинатының кәсіподақ  комитеттерінде, 1988 жылы Түсті металл өңдеу зауытында партия комитетінің хатшысы, 1989 жылы Балқаш қалалық партия комитетінің идеология хатшысы болып қызмет жасады.

1991-2007 жылдар аралығында Түсті металдар өңдеу зауытында еңбекақы және еңбекақыны жоспарлау бөлімінің бастығы болды.

1998 жылдан бастап, осы уақытқа дейін ҚР Орталық ардагерлер Кеңесінің, 2008 жылдан Балқаш қалалық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып қызмет жасайды.

Совет Каукербекұлы тарихшы, «Прокатчики Балхаша»(2001ж.), «Металлурги Балхаша»(2003ж), «Мой город – Балхаш»(2007ж.) кітаптарының авторы.1990 жылы маусым айында Қазақстан Компартиясының  XVII съезіне делегат болып қатысты.

Каукербекұлы Советтің Балқаш қаласына сіңірген еңбегі еленбей қалған жоқ. Ол «Ерен еңбегі үшін», «КСРО –ның еңбек ардагері» медальдарымен, «КСРО түрлі-түсті металлдар өндірісінің социалистік жарыстағы үздігі» белгісімен, бірнеше рет облыстық кәсіподақ , Қазақстан кәсіподақ комитеттерінің және КСРО ТММ-нің кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Көптеген Алғыс хаттардың иесі, сонымен бірге «Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының ардагері» атағын алған.

Каукербекұлы Советке 2012 жылы 15 тамызда Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Каукербек, С. Прокатчики Балхаша /С.Каукербек.-Караганда: ОАО «Карагандинская Полиграфия»,2001.- 142 с.

2. Каукербекулы, С. Металлурги Балхаша / С.Каукербекулы.- Караганда: ОАО «Карагандинская Полиграфия», 2003.- 320 с.

3. Кәукербекұлы, С. Бұл осылай басталған еді /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. – 2002. – 20 қараша.

4. Башар, Ж. Көпшілік қолдауын алды /Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2003. – 23 мамыр(№№39-40).

5. Оразымбет, М. Оқырмандар ой салды /М.Оразымбет // Мысты өңір. – 2004.

6. Каукербек, С. Мой город-Балхаш./ С.Каукербек.- Караганда: 2006.- 680 с.

7. Айтжанұлы, Қ. Өндірісті Балқаштың шежіресі /Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2007. – 23 ақпан(№16).

8. Әбілқайырқызы, А. Балқаш – менің қалам /А.Әбілқайырқызы // Мысты өңір. – 2007. – 20 қараша.

9. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер – ел тірегі /С.Кәукербек // Балқаш өңірі. – 2008. – 24 қыркүйек.

10. Башар, Ж. Ардагерлерге қамқорлық /Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2010. – 19 ақпан.

11. Кәукербекұлы, С. Ізгілік жолында /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. -2010. – 15 қазан.

12. Қажытай, А. Қарттарым, аман-сау жүрші /А.Қажытай // Балқаш өңірі. – 2011. – 30 қыркүйек.

13. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер – алтын тұғыр /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 сәуір.

14. Кәукербекұлы, С. Ардагерлер ұйымы /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 28 наурыз.

15. Кәукербекұлы, С. «Құрметті азаматқа» кім лайық? /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 6 маусым.

16. Ата Заңның туған күні тойланды // Балқаш өңірі. – 2012. – 5 қыркүйек.

17. Бақторазқызы, Н. Сырлы күндерге саяхат /Н.Бақторазқызы // Балқаш өңірі. – 2012. – 16 қыркүйек.

18. Кәукербекұлы, С. Қайран ерлер – қаһарман ардагерлер /С.Кәукербекұлы // Балқаш өңірі. – 2014. – 30 мамыр.

19. Каукербекұлы, С. Ойдан ой – Раздумья / Каукербекұлы, С. Қарағанды: «Арко» баспасы, 2014. – 261-269 б.

20. Берікбай, Ш. Қарттарым, аман-сау жүрші /Ш.Берікбай // Балқаш өңірі. – 2015. – 27 ақпан.

21. Тойымбекова, Ш. Құрмет құшағында /Ш.Тойымбекова // Балқаш өңірі. – 2015. – 30 желтоқсан(№142). – 4 б.


Дата редактирования: 21 Ақпан 2020